Е.Сағадиев мектептердегі жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидасын енгізу жайлы айтты
Қазақстандық мектептерде жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидасын енгізу арқылы әкімшілік шығындарды қысқартып, мұғалімдердің жалақыларын арттыру күтілуде, деп мәлімдеді білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. Бұл туралы , primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.
«Біз ЖОО қағидасы бойынша мектептерді қаржыландыруды енгізуді жоспарлаудамыз. Қазір осы идея пысықтаулда, біз бұл мәселені мектеп директорларымен, қаржы министрлігімен жетілдіреміз, дайын болған соң оны таныстармыз», - деді БҒМ басшысы ОКҚ брифингінде.
Министр түсіндіріп өткендей, жан басына шаққандағы қаржыландыру кезінде мектептерде мұғалім басты тұлғаға айналады, себебі оқушылар мен мектептер жақсы мұғалімнің соңынан жүреді, сәйкесінше оқу орны неғұрлым көп оқушы жинайтын болса, оның бюджеті соғұрлым көп болмақ.
«Бұл құбылыстың экономикалық және әлеуметтік әсері бар.. Мектептерді ұстауға әкімшілік шығындар күрт қысқарады. Егер ол бұрын еңбекақы қорының 24% болса, қазір ол 7%. Бұл мұғалімдердің жалақысын арттыруға қосымша маңызды жәрдем болмақ», - деді ол мектептердің қаржылық дербестігін енгізудің мәскеулік мысалын келтірген ол.
Ведомство басшысының айтуынша, мектептердің қожайындары пайда болады, мектеп әкімшілігі жөндеуді қалай жүргізетінін, қанша қаражат бөлетінін, қандай жалақы қоятынын өзі шешеді. Мектеп бухгалтериясы ашық болып, әкімдік пен ата-аналар комитетіне оның әр іс-қимыл көрінетін болады», - деп сендірді министр.
Ол сондай-ақ жан басына шаққандағы қаржыландыру тек ірі қалаларда ғана енгізу күтілуде, ауылдардағы аз толымды мектептерде бұл идеяның жүзеге асуы екіталай.
Фото:today.kz