Лента новостей
0

Ұялы телефонға арналған жаңа бағдарлама арқылы рак ауруын анықтауға болады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.04.2016 16:40 Zakon.kz
Ерте диагноз қойсаңыз, адамдар бірінші сатысында 10-15 жыл өмір сүре береді. Сәл кеш болса, үшінші сатысында қандай дәрі берсең де, бермесең де, үш жылдың ішінде адамдар өледі.

Елімізде жылына 17 мың адам обыр ауыруына шалдығады. Ал ісік аураларына диагноз қойып, бір жерден емдейтін орталық Қазақстанда жоқ. «Тері обыры және меланомасын емдеудің жаңа тәсілдері атты» Алматыда өтіп жатқан халықаралық конференцияда шетелдік мамандар осылай деді. Қазір елімізде онкологиялық аурулар арасында тері обыры мен мелономасы кең таралып отыр. Сүт безі ісігі мен өкпе обырынан да асып түскен, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Жиынға Ресей, Түркия, Италия және Испания елдерінің де жетекші мамандары қатысып жатыр. Мақсат - тері қатерлі ісігінің хирургиясы мен химиотерапиясын жетілдіру, таргетті және сәулелі терапия арқылы емдеудің әдіс-тәсілдерін талқылау. Зерттеуші мамандар ісік ауруын арнайы орталықта ғана емес, әр емханадағы терапевт мамандар да дер кезінде тері ісігін анықтай алулары керек дейді. Конференция барысында Skin Scan ұялы телефонға арналған қосымша бағдарламаның да таныстырылымы өтті. «Теріні сканерлеу» деп аталатын бағдарлама ұялы телефон арқылы терідегі өзгерісті анықтап, дәрігерге жүгінудің қажеттігін немесе қажет еместігіне кеңес береді.

"Ерте диагноз қойсаңыз, адамдар бірінші сатысында 10-15 жыл өмір сүре береді. Сәл кеш болса, үшінші сатысында қандай дәрі берсең де, бермесең де, үш жылдың ішінде адамдар өледі. Сол үшін біздің мақсатымыз - жай дәрігерлерге, дерматологтарға, косметологтарға қалай диагноз қоюға болады,қалай емдеуге болады, соны үйретіп жатырмыз",-дедіт медицина ғылымдарының докторы Нұрлан Балтабеков.

Фото:feetch.com

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: