Лента новостей
0

ҚАБҚ жеңілдікті автонесиелеу кезінде бастапқы салымды ескі көлік есебінен төлеуді ұсынды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.04.2016 17:00 Zakon.kz
Дағдарыс кезінде қазақстандықтарға қолдау көрсету мақсатында ҚАБҚ отандық автокөлік сатып алуды жеңілдікті несиелеу бағдарламасын дамытуға ұсыныс жасады.

Қазақстандық автобизнес қауымдастығы жеңілдікті несиелеу кезінде бастапқы салымды ескі автокөлік есебінен төлеу практикасын енгізуді ұсынды, деп мәлімдеді ҚАБҚ-да. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

«Бастапқы салымды ескі автокөлік есебінен төлеу практикасы біздің азаматтарымыздың мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтетініне сенімдімін. Себебі, бастапқы салымды жинау қажеттігі болмайды. Жеңілдікті 4% несиемен бірге бұл жақсы шешім болып, адамдарға ақша үнемдеуге мүмкіндік береді». - деді ҚАБҚ президенті Андрей Лаврентьев.

Салалық ұйымда түсіндіріп өткендей, ескі көлікті «СБЖ операторына» тапсыру кезінде қазақстандықтарға бастапқы салымдарды жабу үшін өтемақы сертификаттары беріледі.

«Осы және басқа да бірнеше ұсыныс Инвестициялар және даму министрлігінің қарауында жатыр. Олар мақұлданады деген сенімдеміз. Реттеуші қайткен күнде де қазақстандықтар үшін ыңғайлы шешім қабылдайды деп есептейміз», - деп атап өтті ҚАБҚ басшысы.

Дағдарыс кезінде қазақстандықтарға қолдау көрсету мақсатында ҚАБҚ отандық автокөлік сатып алуды жеңілдікті несиелеу бағдарламасын дамытуға ұсыныс жасады.

Естеріңізге салсақ, Жеңілдікті несиелеу мемлекеттік бағдарламасы жылына 4%-бен, көлік құнынан 20% дейін бастапқы салыммен қазақстандық өндірістегі коммерциялық және жолаушылар автокөліктерін сатып алуға мүмкіндік береді. Бағдарлама 20 жылға есептелген және «жаңартпалы несиелеу» негізінде жүзеге асырылады: несие алған жеке тұлғалардың негізгі қарызын өтеуден түсетін қаражат есебінен банктер автокөліктер сатып алуға жаңа қарыздар береді.

Қазақстандық автобизнес қауымдастығы - 2010 жылы ҚР автокөлік нарығындағы өндірушілердің, ресми делдалдардың, импорттаушылардың, дистрибьюторлардың еркін бірлестігі ретінде құрылған коммерциялық емес ұйым.

Фото:www.r93.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: