Павлодарда көпқабатты үйлердің маңына есектер қайта жинала бастады
Жасыл желектің шығуымен Павлодарда лесозавод шағын ауданындағы көп қабатты үйлердің аулалары мен кіреберістерінде жүрген екі есек бұл аумаққа қайта келе бастады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Естеріңізге сала кетсек, екі жыл қатарымен жаз мезгілінде жақын арада орналасқан жеке меншік үйлердің тұрғындарының есектері көпқабатты үйлердің кіреберісінде жайғаса бастаған. Осылайша, жұртшылықтың мазасын алып, ыңғайсыздық тудырды.
Осыдан бір жыл бұрын агенттіктің сайтында осы жайға қатысты видео жарияланған болатын. Кейін полиция қызметкерлері есектердің иесін тауып, 20 АЕК көлемінде айыппұл салған. Сол күннен бастап бұл жақтан жануарлардың қарасы көрінбей кеткен еді.
Фариза Қазыбекқызы
Фото:pavlodarnews.kz