Лента новостей
0

Алматы әуежайы қызметкерлері жұқпалы аурулардың алдын алды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.04.2016 23:23 Zakon.kz
Жыл сайын оқу-жаттығу шарасына 20 әуежай мен қаланың жедел қызмет өкілдері қатысады.

Алматы әуежайында Қазақстан аумағына карантиндік және инфекциялық аурулардың таралуын алдын алатын оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Көлік саласында тұтынушылардың құқығын қорғайтын бөлімше аталмыш шараны осымен 15 рет өткізіп отыр. Жыл сайын оқу-жаттығу шарасына 20 әуежай мен қаланың жедел қызмет өкілдері қатысады. Мамандардың айтуынша, бұл жаттығуға жоғары білікті психологтар да қатысуы керек. Өйткені оқыс жағдай орын ала қалған жағдайда әуежай қызметкерлері жолаушылармен тығыз қарым-қатынаста болу керек.

"Эбола безгегімен бір науқас келген. Сол кезде барлық қызметкер өздеріне тиісті қызметті жоғары деңгейде орындап, барлығы жақсы өткен. Сондықтан алдымызда тағы сондай шаралар болуы мүмкін деп, бүгінгі жаттығу жүріп жатқан мақсаты сол",- деді Алматы қаласы Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің бөлім жетекшісі Саят Кауметбаев.

Фото:almaty.tv

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: