Лента новостей
0

Президент Астанадағы ауыл шаруашылығы өнімдеріне шамадан тыс маржаға наразылығын білдірді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.04.2016 16:47 Zakon.kz
«Жақын маңдағы облыстар қаламен бірге өндірушілер мен қаланың сауда желісі арасында тікелей байланыстарды реттеу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеңдер», - деп тапсырды өңір әкімдеріне Елбасы.

Президент жақын маңдағы облыс әкімдеріне елорда әкімдігімен бірге Астананың өндірушілері мен сауда желісі арасындағы тікелей байланыстарды реттеу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ол Астана маңында өндірілетін ауыл шаруашылығы мердігерлерінің шамадан тыс маржасына наразылығын білдірді.

«Ақмола және Қарағанды облыстарындағы құс фабрикаларының он дана жұмыртқасының босату бағасы, Сергей Витальевич Кулагин 170-180 теңгені, ал дүкенде - 300 теңгені құрайды. Айырмашылық 76%. Астанадан 50 шақырым қашықтықтағы радиуста сиыр етінің бір келісі - 700 теңге, ал базарда - 1200 теңге, 70%», - деген салыстырулар келтірді Нұрсұлтан Назарбаев Астананы дамыту және «ЭКСПО- 2017» көрмесін өткізуге дайындық барысы жөніндегі кеңесте.

«Делдалдар пайда көріп отыр. Ал, сіздер ауыздарыңызды ашып, осыған қарап отырсыздар. Әлде, қаламен байланыстарыңыз жоқ па?», - деді ол әкімдерге қарата сөйлеген сөзінде.

«Жақын маңдағы облыстар қаламен бірге өндірушілер мен қаланың сауда желісі арасында тікелей байланыстарды реттеу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеңдер», - деп тапсырды өңір әкімдеріне Елбасы.

Фото:bnews.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: