Лента новостей
0

ИДБ ҚР-дағы сумен қамту жобаларына 300 млн астам доллар жұмсады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.04.2016 20:03 Zakon.kz
Аталмыш жобалар су саласының бюджеттік тәуекелдігінен көшудегі және оның инвестициялық тартымдылығын арттыруға арналған реформалардың бөлігі болып табылады.

Қазақстан ауылды елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету және жерді суару жүйесін қалпына келтіру бойынша жобаларға Ислам Даму Банкінің 300 млн астам долларын тартты. Бұл туралы primeminister.kz таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін елордада өтіп жатқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Бас Ассамблеясының құрылтайшы сессиясы барысында су шаруашылығы саласындағы екі жобаны іске асыру үшін мемлекеттің кепілдігімен Ислам даму банкінен қаржы тарту туралы келісімге қол қойылды.

Құжатты ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков пен Ислам даму банкінің президенті Ахмад Мохамед Әли Әл-Мадани рәсімдеді.

Бұл жобалар ауылды елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсартуға және жерлерді ылғалдандыру жүйесін қалпына келтіруге бағытталады.

Жобаны іске асыру аясында Алматы облысының Еңбекші және Қарасай аудандарын сумен жабдықтауды жақсарту жобасын жүзеге асыру аясында 15 ауылды елді мекендерде жалпы ұзындығы 680 шақырым, оның ішінде 234 шақырымы тартылған құбырлар және 446 шақырым су жабдықтау жүйесі, сонымен қатар қуаттылығы күніне 18,3 текше метр су тазалау стансасын салу және қолданыстағы 6 құрғату кәрізін қалпына келтіру жоспарланған. Бөлінетін қаржы сомасы - 75,3 млн доллар.

«ҚР иррегиациялық және сусіңгіш жүйесін қайта құру» жобасы Алматы облысындағы 58 мың га жердің суару жүйелерін қалпына келтіру үшін қамтамасыз етеді және ОҚО-ның Мақтаарал мен Шардара аудандарындағы 92,5 мың га гидромелиорациялық жер қыртысының жағдайын жақсартуды қарастырады.

Сонымен қатар, 512 тік дренажды ұңғымалар қалпына келтірілді және оларға бейне бақылау орнатылды, қолданысқа 270 су арналары енгізілді және 50 қайта қалпына келтірілген көпірлер. Жобаның құны 235,5 млн долларды құрайды.

Фото:www.inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: