Лента новостей
0

К.Мәсімов Астанада АҚИҰ Бас ассамблеясының құрылтай сессиясы аясында кездесулер өткізді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.04.2016 20:28 Zakon.kz
Келіссөздер қорытындысы бойынша сұхбаттасушылар ислам қауымдастығы дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында өзара қарым-қатынастарды нығайтуға дайындықтарын білдірді.

Бүгін Астанада Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы (АҚИҰ) Бас ассамблеясының құрылтай сессиясына қатысу аясында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бірқатар кездесулер өткізді. Бұл туралы, primeminister.kz таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен, Ислам даму банкінің президенті Ахмад Мохаммад Әли Әл Маданимен келіссөздер барысында екі жақты және көп жақты қаржы-инвестициялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. К.Мәсімов А.Әлиге Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын құруға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Тараптар өзара іскерлік қатынастардың деңгейін жоғары бағалап, әріптестікті одан әрі тереңдетуге мүдделіліктерін білдірді.

Сондай-ақ К.Мәсімов Ислам ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Ияд бен Әмин Маданимен кездесті.

К.Мәсімов пен И.Мадани Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын құру ИЫҰ қатысушы елдердің өзара ынтымақтастығын жаңа сапалы деңгейге шығарады деген пікірге келді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша сұхбаттасушылар ислам қауымдастығы дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында өзара қарым-қатынастарды нығайтуға дайындықтарын білдірді.

Фото:ortcom.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: