Лента новостей
0

Өскеменде өткен IT-фестивальде оқушылар жаңа жобаларын таныстырды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.04.2016 21:00 Zakon.kz
Фестифальде жалпы 20 жоба таныстырылды. Байқауға қатысушылар арасында тіпті бастауыш сынып оқушылары да болды.

Әлеуметтік желі арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың робот мұғалімнен білім алуы. Онлайн оқу жүйесінде шешендік өнерді шыңдауға үйрену. Өскеменде осындай әртүрлі инновациялық бағыттағы идеяларға арналған оқушылардың IV ІТ-фестивалі өтті, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Шараға тек оқушылар ғана емес, мектеп мұғалімдері мен ата-аналар да қатысып, жаңа заман балаларының ұшқыр ойларымен танысты. ІТ-фестивальді жаңа технология дамуын қалт жібермейтін оқушылар жыл сайын асыға күтеді. Олар әр маусымда өздерінің дара әрі тың жобаларын ел-жұртқа мақтанышпен таныстырады. Мәселен, 10-сынып оқушысы Мәди Алпысов жарамсыз сексеуілді косметологияда пайдаға асыруға болатынын дәлелдеуде. Оның ойынша, сексеуілге құмның көшуінен қорғайтын өсімдік деп қана қарамау керек. Ежелде ата-бабаларымыз бұдан сабын жасаған. Мәди сол әдісті жаңғыртып, бұл жерге өзі жасаған сабынын әкеліпті.

Мәди Алпысов, қатысушы:

- Ертеде қазақтар киімдерін сақар сабынмен жуған. Ол - сексеуілдің күлі. Оған күнбағыс майын, су, табиғи майларды қосу арқылы сабын ала аламыз. Ешқандай қалдықсыз өндіріс ретінде пайдалануға болады.

Ал мүмкіндігі шектеулі «Әлем» отандық әлеуметтік желі ашуды жөн санапты. Оның желісін қолданышуылар тек файлдармен ғана емес, құжаттармен, бейнеқоңыраулармен алмаса алады. Ең қызығы,«Әлем» осы желіде өзі сияқты замандастарын топтастыратын арнайы сынып ашпақ.

Әлем Әйтікенов, қатысушы:

- Бұл әлеуметтік желі, әсіресе, министр, әкім болып отырған жоғары лауазымды қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді деп санаймын. Сондай-ақ осы желі ішінде өзім сияқты балалар араласып отыратын сынып ашамын және ол сыныпқа робот мұғалім дәріс беретін болады.

Бұл жерде математика, физика, химия, биология ғылымдары бойынша сонымен қатар 3D, 4D модельдеу әдістерін қолдану арқылы ұсынылған инновациялық жобалар да бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальді өткізудегі мақсат – тек қана оқушылардың қиялын шыңдау емес, мұғалімдерді де жаңа технология дамуына ілестіру.

Айжан Садықова, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Біздің ұстаздар қазіргі таңда балалардан кеш қалып жатқан сияқты. Осы фестивальдің қорытындысы бойынша бір мұғалім оқу процесіне осы технологияны енгізетін болса, ол да бізге үлкен нәтиже деп есептейміз.

Фестифальде жалпы 20 жоба таныстырылды. Байқауға қатысушылар арасында тіпті бастауыш сынып оқушылары да болды. Аға-апайларынан қалыспауға тырысқан олар өздерінің робототехника және легоқұрастыру бойынша алғыр жобаларын көрсетті.

Э.Ахметова, А.Төлепов

Фото:24.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: