Лента новостей
0

МӘСҚ әлеуметтік жәрдемақысын алушылар саны 53,7 есеге өсті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.05.2016 20:08 Zakon.kz
Жұмысқа қабілеттілігінен айырылған жағдайда МӘСҚ әлеуметтік жәрдемақысын алушылар саны 53,7 есеге өсті - ҚР ДСӘДМ

Соңғы 11 жылда жұмысқа қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылған жағдайда МӘСҚ әлеуметтік жәрдемақысын алушылар саны 50 еседен астам өсті, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп жазады.

«2005-2015 жылдар аралығында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысқа қабілеттілігінен айырылу жағдайына байланысты төленетін әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 1 мың 302 адамнан 69 мың 951 адамға дейін ұлғайып, 53,7 есеге өсті», - делінген хабарламада.

Оған қоса, асыраушысынан айырылу жағдайына қарай жәрдемақы алатын адамдар саны 549-дан 31 135 адамға дейін 56,7 есеге өсті, жұмысынан айырылған жағдайда жәрдемақы алушылар 3258 есеге ұлғайды (8 мыңнан 26 мың 70 адамға дейін).

Ведомствода айтып өткендей, 2008 жылдан бастап жүктілік пен босануға байланысты, жаңа туған нәрестені (баланы) асырап алуға, 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты МӘСҚ жәрдемақылары тағайындалып келеді.

Сонымен, 8 жылдың ішінде жүктілік пен босануға, жаңа туған нәрестені (баланы) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуға төленетін жәрдемақыны алушылар саны 1,9 есеге өсіп, 2015 жылы 173,2 адамды құрады (2005 жылы – 89,3 мың адам), 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылуға берілетін жәрдемақы алушы азаматтар саны – 2,4 есеге (83 мың 600-ден 201 мың 294 адамға дейін) ұлғайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жұмыс істейтін тұрғындарды әлеуметтік сақтандырудың қосымша формасы ретінде енгізілген. ҚР ДСӘДМ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі әлеуметтік қатерге тап болған азаматтарға әлеуметтік жәрдемақы мен төлемақылар тағайындайды.

Фото:www.mzsr.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: