Лента новостей
0

Армия ойындарына қатысу үшін әскери-медициналық эстафета аяқталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.06.2016 23:37 Zakon.kz
12 үздік әскери медицина қызметкері енді 2016 жылғы Армия халықаралық ойындарына қатысуға дайындалады.

Құрлық әскерлерінің Гвардейск гарнизоны оқу-жаттығу орталығының базасында Құрлық әскерлері арасындағы «Әскери-медициналық эстафета» байқауында өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектері медициналық қызметтерінің әскери қызметшілерін іріктеу аяқталды. Байқау шеңберінде әскери медиктер әскерлердің жауынгерлік даярлығын медициналық қамтамасыз етуде қолданатын өздерінің дағдылары мен шеберліктерін көрсетті, деп хабарлайды zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Байқау екі кезеңде өтті. Атап айтқанда, «Жеке шеберлік» пен «Командалық біріншілік». Бірінші кезеңде әскери қызметшілер әскери-спорттық кедергілерден өтті, штаттық қарудан оқ атты, медициналық қызметтің жеке құрамына арналған арнайы даярлық бойынша нормативтерді орындады. Екінші кезең оқу-тактикалық алаңның жабдықталған қашықтығында және танкодромның дайындалған бағдарында өткізілді. Онда механик-жүргізушілер жердің күрделі жағдайларында өздерінің жүргізу шеберліктерін паш етті. Әскери ақ желеңділер ұрыс алаңынан шартты жараланғандарды алып шығу, зақымдалған ұрыс техникасынан жаралыларды шығару жөнінде кәсіби тұрғыдағы машықтарын көрсетті және алғашқы медика-санитарлық көмек көрсетті. Екінші кезеңде ұрыс жағдайларында жүргізу бойынша кәсіби қабілеттілігі болуы тиіс механик-жүргізушінің шеберлігі негізгі рөлге ие.


Медициналық қызметтердің әскери қызметшілері мұндай сайыстан алғаш рет өтіп жатқандарын айта кетейік. Қорытындысы бойынша жалпы командалық біріншілікте Аэроұтқыр әскерлерінің командасы бірінші орынды, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы екінші орынды иеленді. «Жеке біріншілік» аталымында ерлер арасында 11971 әскери бөлімінің санитарлық нұсқаушысы аға сержант Ержан Елубаев, әйелдер арасында 61993 әскери бөлімі медициналық ротасының мейірбикесі аға сержант Эльнара Бүтімбаева үздік атанды.


12 үздік әскери медик енді 2016 жылғы Армия халықаралық ойындарына қатысуға дайындалады. Жаттықтыру қорытындысы бойынша 6 әскери медик Ресей Федерациясында өтетін Армия ойындары-2016 халықаралық кезеңіне қатысуды жалғастырады.

Мұндай жарыстардың мақсаты халықаралық әскери ынтымақтастықты нығайту, әскери қызмет пен медициналық мамандардың әскери-кәсіби қызметінің беделін арттыру болып табылатынын естеріңізге сала кетейік.


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: