Қазақстанда жердi рационалды пайдалануды бақылау бойынша жұмыс күшейтілді – Е.Базылжанов
Қазақстанда жердi рационалды пайдалануды бақылау бойынша жұмыс күшейтілді, деп хабарлады «Республикалық ғылыми-әдістемелік агрохимиялық қызмет орталығы» ММ басшысы Ерболат Базылжанов. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп жазады.
«Қазіргі таңда мемлекетпен жердi тиімді пайдалануды бақылау жөніндегі жұмыс күшейтілді және жүйелік жұмыс жасалуда. Осыған орай агрохимиялық зерттеу көлемі 1,5 млн га-дан 3,5 млн га-ға өсті және ол циклдық зерттеулерді қамтамасыз етеді»,-деді ол ОКҚ-да өткен брифингте.
Өз сөзінде ол қойылған тапсырмаларды орындау үшін агрохимиялық қызметтің материалды-техникалық базасы күшейтілетінін айтып өтті.
Е.Базылжанов түсіндіргендей, егістік көкжиегіндегі жалпы гумус көрсеткіштерінің мазмұны, гидролиздеу азотының орташа мазмұны, жылжымалы фосфор мен ауыспалы калий агрохимиялық топырақты зерттеу нәтижелері бойынша анықталады, 7 жылда 1 рет жүргізіледі – тәлімі шаруашылыққа және 5 жылда 1 рет – жер суландыруға.
«Оған қоса, агрохимиялық зерттеудің бастапқы базалық туры 2015 жылдың 27 наурызынан кейін жүргізілген зерттеу болып есептеледі. Сәйкесінше, тәлімі жердегі екінші тур 2022 жылы, суаруға - 2022 жылы басталады», - деп нақтылады ол.
Фото:www.matritca.kz