Лента новостей
0

Павлодарлық оқушылар зағип жандарға арналған қолжетімді дисплей жасауда

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.05.2016 18:05 Zakon.kz
Құрылғының басты ерекшелігі - қолжетімді болуында. Осыған ұқсас дисплейдің бағасы шамамен бір миллион теңге тұрады.

Павлодарда дарынды ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейінің 10-сынып оқушылары Расул Тоқпаев пен Данияр Серіков зағип жандарға арналған қолжетімді дисплей жасауда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

- Бұл - көру қабілетінен айырылған адамдарға дисплейдің көмегімен жазуларды оқып, түрлі ақпарат алу мүмкіндігін сыйлайтын құрылғы. Оның қызметі - компьютердегі жазуды арнайы тақтаға шығару. Нәтижесінде компьютердегі жазуды Брайл жүйесі бойынша арнайы тақтада шығатын нүктелер композициясы арқылы қолмен сезуге болады. Ardunio платформасында дайындалып жатқан бұл жұмыс қоғамға пайдалы болады деген үміттемін. Материалды өзіміз іздестіріп, кейбір бөлшектерін 3D принтері арқылы шығарамыз, - дейді жобаның жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Ерхан Міндетбай.

Ұстаздың айтуынша, қазіргі таңда дисплей жұмыс істейді. Алайда оқушылар жобаны әрі қарай жетілдіруде. Олар алдағы уақытта жазуды автоматты түрде «танитын» функцияны іске қосуды және арнайы пернетақта жасауды көздеп отыр. Құрылғының басты ерекшелігі - қолжетімді болуында. Осыған ұқсас дисплейдің бағасы шамамен бір миллион теңге тұрады. Ал, павлодарлық оқушылар жасап шығаратын технология бірнеше есеге анағұрлым арзан болмақ.

Ақбота Сейсенбаева

Фото:pavlodarnews.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: