Лента новостей
0

ҚР-да жария ету басталғалы бері 560 млрд теңгеге шетелдегі мүлік пен ақша заңдастырылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.05.2016 20:30 Zakon.kz
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүлікті жария ету мәселелері бойынша өтініштер жалпы санның 95%-дан астамын құрады.

Жария ету бойынша науқан басталғалы бері шетелдегі 560 млрд теңгеге жуық сомаға 51 жылжымайтын мүлік нысаны, мүлік және ақша заңдастырылды, деп мәлімдеді ОКҚ брифингі барысында ҚР қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, ағымдағы күнге мүлік пен ақшаны жария етуге арналған өтініштердің сомасы 1,4 трлн теңгеден асты, одан 1,2 трлн теңгесі жария етілді, оның ішінде ҚР аумағында орналасқан мүлік бойынша сомасы 645 млрд теңге. ҚР аумағынан тыс орналасқан мүлік бойынша сомасы 1,8 млрд теңге; сомасы 558 млрд теңгеге ақша жария етілді. 81 мыңнан астам жылжымайтын мүлік нысаны жария етілді, оның ішіндегі 6 мыңға жуығы коммерциялық нысандар. Бұл туралы , primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Бүгінгі таңда елден тыс жерде орналасқан 51 жылжымайтын мүлік нысаны заңдастырылды деп мәлімдеді А.Теңгебаев.

Акцияның бүкіл кезеңі ішінде өз мүлкін жария ету үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға 86 мыңнан астам азамат жүгінген.

«Капиталға рақымшылық жасау бүкiл әлемде жаңалық емес. Мәселен, көптеген дамыған елдер өзiнiң даму кезеңiнде капиталға рақымшылық жасауды бiрнеше рет iске асырды. Қазақстанда бұл науқан үшiншi рет өткiзiлiп отыр. Жария ету бизнес субъектiлерiне балабақшалар, қоғамдық тамақтану нысандары сияқты әлеуметтiк маңызы бар нысандарды тиiсiнше заңдастыруға және рәсiмдеуге мүмкiндiк бередi. Темiржол тұйықтары, жатақханаларды, өндiрiстiк цехтарды жария ету фактiлерi де бар. Осының барлығы бизнес субъектiлерiнде қосымша жұмыс орындарын ашудың арқасында салық салу базасын және бюджетке түсетiн аударымдарды ұлғайтады», - дейдi А.Теңгебаев.

Оның айтуынша, халықтың қалың жiгi арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында, Бірыңғай байланыс орталығының 1414 тегін телефон желісі арқылы консультация беру ұйымдастырылды. Мүлікті жария ету мәселелері бойынша консультация беру басталғаннан бері Бірыңғай байланыс орталығына халықтан барлығы 18 810 өтініш келіп түскен, оның ішінде 2016 жылғы І тоқсанның ішінде – 1369 өтініш түскен.

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүлікті жария ету мәселелері бойынша өтініштер жалпы санның 95%-дан астамын құрады.

Фото:www.astana-akshamy.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: