Лента новостей
0

Қызылордада жалған фото таратқан арандатушы ұсталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.05.2016 22:14 Zakon.kz
Ол облыстық ІІД жеткізіліп, күдікті ретінде тергелді. Тергеу кезінде өз қылмысын мойындады.

Қызылорда облысы ІІД қызметкерлері Қызылордада полицейлерден зардап шекті деп қанжоса ер адамның фотосуретін таратқан адамды тауып, ұстады, деп хабарлайды BNews.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 1 мамырда әлеуметтік желілерде Қызылордада қарсылық акциясы кезінде қайтыс болды деп қанжоса ер адамның фотосуреті таратылған болатын. ІІД өкілдері атап көрсеткендей, бұл ақпарат шындыққа жанаспайтын, әдейі жасалған арандатушылық әрекет. Ол басқа мемлекеттегі оқиғаның көрінісі және Қазақстанға еш қатысы жоқ.

Қылмыстық іс бойынша жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде аталған ақпаратты Алматы қаласының тұрғыны М.Жақауовтың таратқаны белгілі болды. Ол облыстық ІІД жеткізіліп, күдікті ретінде тергелді. Тергеу кезінде өз қылмысын мойындады. Күдікті сол күні ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 274 бабы 2 бөлімі 3 тармақшасы бойынша - БАҚ немесе телекоммуникация желілерін пайдаланып, әдейі өтірік ақпарат тарату бойынша сотқа дейін тергеу басталды», - деді аймақтың ІІД.

Фото:ria.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: