Лента новостей
0

Оралда өзен арнасынан тасып, қала жағалауын су басты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.05.2016 15:47 Zakon.kz
Су деңгейі төмендейтін емес, керісінше молайып жатыр. Жағалаудың бірінші сатысы түгелдей су астында, тасыған су екіншісіне таяп қалды.

Оралда Жайық өзені арнасынан тасып, жағалауды су басты, деп хабарлайды BNews.kz. Нысанның құрылысына 450 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған еді.

Су деңгейі төмендейтін емес, керісінше молайып жатыр. Жағалаудың бірінші сатысы түгелдей су астында, тасыған су екіншісіне таяп қалды. Қала тұрғындары су деңгейінің көтерілгенін өз көздерімен көру үшін жағалау маңына жиналған.

«Гранит тақталар мен қырлы тастар су астында қалды. Су сорылғаннан кейін олар бүлініп қалады», - дейді Виталий Сенчуков.

Қалалық әкімдіктегілер жағалау құрылысына 450 млн теңгеден астам қаржы жұмсалғанын атап өтті.

«Келісімде көрсетілген шарттар бойынша мердігер ұйым жағалаудың жай-күйін 8 жыл бойы бақылауында ұстайды. Өзен арнасына түсіп, су бәсеңдегеннен кейін бүлінген жерлерді олар жөндейді. Жобада жағалауды су басып қалу жағдайы ескерілген», - деп атап өтті Орал әкімінің орынбасары Ғалым Ұрынғалиев.

Фото: BNews.kz.


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: