Жер реформасы бойынша Комиссия құрамы бекітілді
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Жер реформасы бойынша комиссия құру туралы» өкімге қол қойды. Комиссия Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Жер кодексінің нормаларын түсіндіру және талқылау, сондай-ақ ұсыныстар әзірлеу үшін құрылды.
Құжатпен Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі, жалпы ережелері, міндеттері, сондай-ақ оның құрамы бекітілді. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп жазады.
Жер реформасы бойынша Комиссияның құрамы:
Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы – «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша), төрағаның орынбасары
Үшкемпіров Жақсылық Әміралыұлы – «Жақсылық» шаруа қожалығының басшысы, қоғам қайраткері (келісім бойынша), төрағаның орынбасары
Абаев Дәурен Әскербекұлы – Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі
Абасов Қайнар Бегалыұлы – «Мақта компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)
Айтаханов Қуаныш Айтаханұлы – Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Ашығалиев Қатауолла Мерәліұлы – «Ақас» агрофирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)
Әбдіғали Берік – Саясаттанушы (келісім бойынша)
Әбдікәрімов Мақсат Серікұлы – «Бағбандар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)
Әбенов Мұрат Абдуламитұлы – Қоғам қайраткері (келісім бойынша)
Әкім Жанұзақ - Халықаралық адам институтының басшысы (келісім бойынша)
Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы - «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Әшімжанов Жанарбек Садықұлы – Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Бабамұратов Дәурен – «Болашақ» жастар қозғалысының басшысы (келісім бойынша)
Баймолдина Зәуреш Хамитқызы – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары
Бақтыбаев Сайын Рысбайұлы – «Қазақ мақта қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)
Батталова Зәуреш Қабылбекқызы – «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» Акционерлік қоғамының директоры (келісім бойынша)
Бәшімов Марат Советұлы – Еуропалық құқық және адам құқығы сараптамалық институтының директоры (келісім бойынша)
Бектаев Әли Әбдікәрімұлы – «Ауыл» Халықтық - демократиялық патриоттық партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Бисетаев Қайрат Серікбайұлы – «Қазақстан картоп өсірушілері одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
(келісім бойынша)
Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Боқаев Макс Кебенұлы – «Арлан» үкіметтік емес ұйымының төрағасы (келісім бойынша)
Буканов Сайран Балкенұлы – «Каркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)
Ган Евгений Альбертович – «Астық өңдеушілер және нан пісірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
Дарынов Әуезхан Кәмешұлы – «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
Досмұхамбетов Темірхан Мыңайдарұлы – «Байсерке-агро» агроөнеркәсіптік кешен басшысы (келісім бойынша)
Дүйсебаев Жексенбай Қартабайұлы – Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Ерімбетов Нұрлан Кенжебекұлы – «Қазақстан азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
Ерманов Жүрсін Молдашұлы – Ақын, журналист (келісім бойынша)
Жанғоразов Ибрагим Дәуітұлы – «Ижевский» өндірістік кооперативінің басшысы, «Қазақстанның құс өсірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі (келісім бойынша)
Жандосов Ораз Әлиұлы – «Ракурс» экономикалық талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры (келісім бойынша)
Жапарқұл Тасқын Тұрғанғазиұлы – «Ернар» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша)
Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы – Бас редакторлар клубының басшысы (келісім бойынша)
Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы – Қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша)
Имандосов Самұрат Жұманұлы – «РЗА» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)
Косарев Владислав Борисович – Қазақстан коммунистік халықтық партиясы Орталық комитетінің құрметті хатшысы (келісім бойынша)
Кравченко Андрей Николаевич – Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша)
Көшімов Досмұханбет Қалмаханұлы – «Ұлтты тағдыры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)
Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы – «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамының ректоры (келісім бойынша)
Қалиев Ғани Әлімұлы – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Аграрлық білімді, ғылымды және өндірісті ықпалдастыру, агроөнеркәсіптік кешеннің кадр әлеуетін дамыту жөніндегі комиссияның төрағасы (келісім бойынша)
Қожахметов Асылбек Базарбайұлы – «Almaty Management University» білім беру мекемесінің президенті (келісім бойынша)
Қуанбаев Нұрлыбек – «Желтоқсан» халықтық-патриоттық қозғалысының басшысы (келісім бойынша)
Құдайбергенов Олжас – «Макроэкономикалық зерттеулер одағы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)
Құлкенов Мереке – Қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (келісім бойынша)
Манатов Саха Ұзақұлы – «Манат» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша)
Мырзахметов Асқар Исабекұлы – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Нұрыпбаев Мақсат Ілиясұлы – Құқық қорғаушы (келісім бойынша)
Озғанбаев Өмірзақ Озғанбайұлы – «Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымы»республикалық қоғамдық бірлестіктің орталық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Оразалиев Рахым Алмабекұлы – Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша)
Оспанов Нұрлан Елеусізұлы – «Қазақстан астық одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы (келісім бойынша)
Платонов Артур Станиславович – Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Поляков Александр Владимирович – «Победа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы (келісім бойынша)
Рафальский Анатолий Брониславович – «Тайынша Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы (келісім бойынша)
Сабильянов Нұртай Салихұлы – Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Сағадиев Кенжеғали Әбенұлы – Қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)
Сағындықов Алик Сабырбекұлы – «Қазақстан агроодағы» ауыл шаруашылығы кооперативтерінің республикалық қауымдастығы (келісім бойынша)
Сағындықов Елеусін Наурызбайұлы – Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Сағитов Абай Оразұлы – «Өсімдіктерді қорғау ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша)
Сағналин Нұрлан – «АкТеп» компаниясының директоры (келісім бойынша)
Сарым Айдос – саясаттанушы (келісім бойынша)
Сауэр Иван Адамович – «Родина» агрофирмасының бас директоры, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшесі (келісім бойынша)
Сәбден Оразалы Сәбденұлы – Қазақстан ғалымдар одағының президенті (келісім бойынша)
Сейбағытов Даржок – Ауыл шаруашылық саласының еңбек ардагері (келісім бойынша)
Смағұл Бахытбек – Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Сұлтанғали Серік Сұлтанғалиұлы – «Бірлік» партиясының төрағасы (келісім бойынша)
Cұлтанов Сабыржан Қыдырсихұлы – «Құрманғазы» өндірістік кооперативінің төрағасы (келісім бойынша)
Тайжан Мұхтар – Болатхан Тайжан атындағы қорының президенті (келісім бойынша)
Тілеухан Бекболат Қанайұлы – Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Төребеков Абдолла Төребекұлы – «Қазақстан фермерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша облыстық филиалының төрағасы (келісім бойынша)
Тұмабаев Мұхит Тоғысқанұлы – «Приречное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы (келісім бойынша)
Тұяқбай Жармахан Айтбайұлы – Жалпыұлттық социал-демократиялық партия төрағасы (келісім бойынша)
Шаханов Мұхтар – «Жалын» журналының бас редакторы (келісім бойынша)
Шибұтов Марат Мақсұмұлы – Саясаттанушы (келісім бойынша)
Ысқақов Нартай Жұматайұлы – «Нарол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты (келісім бойынша)
Фото:24.kz