Павлодарда тұрғын үйдің шатырына шыққан қыз құтқарылды
Павлодарда кеше шамамен кешкі сағат сегізде Қамзин көшесі, 6 үйдің бесінші қабатынан 22 жастағы қыз секіріп кетпек болған, деп хабарлайды рavlodarnews.kz.
Куәгерлердің айтуынша, туыстарымен бірге пәтер жалдап тұратын бойжеткенді мұндай қадамға баруға жауапсыз махаббат итермелеген көрінеді. Абырой болғанда, биіктіктен секіргелі тұрған қызды тұрғындардың бірі көріп қалыпты. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері алдымен өзіне қол салуға бекінген азаматшамен тілдесуге тырысқан. Кейін үйдің шатырына шығып, райынан қайтарған.
- Тәртіп сақшылары 22 жастағы тұрғынды көпқабатты үйдің төбесінен төменге түсірді. Ол өзінің қаланы тамашалау үшін жоғарыға шыққанын айтады. Енді істеген қылығы үшін бұзақылық бабына сәйкес істі болуы мүмкін, - деді Павлодар облысы ІІД баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.
Айгерім Жанкашова
Фото:prokazan.ru