Лента новостей
0

Алматыда найзағайдан 40-қа жуық бағдаршам істен шықты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.05.2016 18:17 Zakon.kz
Полицейлердің мәліметінше, осы уақыт аралығында 20 жол апаты орын алған, 1 адам қаза тапты.

Алматыда жексенбі күні найзағайдан 40-қа жақын бағдаршам істен шықты. Бұл туралы BNews.kz, Алматыдағы «СМЭУ» ЖШС кезекші диспетчері берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлады.

«Кеше найзағайға байланысты 40-қа тарта бағдаршам істен шықты. Біздің кезекші топ ақауды жоюға бірден аттанды. Қазір барлық бағдаршам жұмыс істеп тұр», - деді диспетчер.

Полицейлердің мәліметінше, осы уақыт аралығында 20 жол апаты орын алған, 1 адам қаза тапты. Алайда, тәртіп сақшыларының айтуынша, бұған сөніп тұрған бағдаршамдардың қатысы жоқ.

«Жол апаты істен шыққан бағдаршамның кесірінен болмайды. Кез келген адам, ең алдымен, жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауы тиіс. Егер бағдаршам сөніп тұрса, жүргізуші ережелерге сай жүруі керек», - деді Алматы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.

Фото:myslo.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: