Лента новостей
0

ЖОО-ның 50 білімгері үш тілді қатар меңгермек

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.05.2016 17:50 Zakon.kz
2015-2016 жылдары 70-ке жуық студент Польша, Германия, АҚШ-қа барып, 1 оқу семестр мерзімінде ағылшын тілі бойынша білімдерін жетілдіріп келді. Аталған оқу ордасында 4 пәндік сабақ ағылшын тілінде жүргізіледі.

Бүгін Жамбыл облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Боранбаева Ғалия Үштілді білім беруді дамытуда атқарылған жұмыстар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

- Басқарма Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясаты туралы заңын және «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын және 2015-2020 жылдарға арналған Үштілді білім беруді дамыту Жол картасын басшылыққа ала отырып Тараз мемлекеттік педагогикалық институты және облыс әкімдігінің жастар мәселелері басқармасы арасындағы үш жақты Меморандумға отырды. Меморандум аясында үштұғырлы тіл саясатын насихаттау, үш тілді меңгерген, сауатты жастардың санын арттыру мақсатында 50 студентті Тілдерді оқыту орталығына тарта отырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қатар меңгеруіне ықпал етілуде, -деді басқарма басшысы.

Мемлекеттік тілді үйрету процесіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу мақсатында www.til.zhambyl.kz ресми сайтының жаңа нұсқасы әзірленіп, әрбір тіл үйренуші сайтқа он-лайн режимінде тіркелу арқылы қалаған курстарға жазыла алады.

Жалпы тыңдаушыларға сайт арқылы көптеген мүмкіндіктер жасалған. Мекеме басшылары қызметкерлерінің сабаққа қатысу деңгейі, жалпы білім сапасы туралы толық мәліметті алуға болады. 2015 жылы он-лайн режимі арқылы «Тілдерді оқыту үрдісіндегі жаңа технологияларды қолданудың маңызы», «Оқыту бағдарламалары мен мазмұны, оқыту технологиясын жетілдіру», «Тілдерді оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдер» тақырыбында облыстық және республикалық семинар-тренингтер ұйымдастырылды.Оның айтуынша, тілдерді дамытуға және тілдік мәдениетті қалыптастыруға негіз болатын тіл саясатын іске асырудағы маңызды салалардың бірі – оқу орындары, жалпы алғанда білім жүйесі болып табылады. Бүгінде, жалпы білім беретін 449 мектепте 3365 өзге ұлттың баласы қазақ сыныбында оқыса, 425 балабақша мен шағын орталықтың қазақ тобында есепті мерзімде 3000-ға жуық бала тәрбиеленіп отыр.Облыс бойынша барлығы 449 мектеп бар, оның ішінде қазақ мектебі – 311, орыс-15, аралас-122, 1-өзбек мектебі.

Сонымен қатар, өңірдегі жоғары оқу орындарда 2015-2016 жылдары 70-ке жуық студент Польша, Германия, АҚШ-қа барып, 1 оқу семестр мерзімінде ағылшын тілі бойынша білімдерін жетілдіріп келді. Аталған оқу ордасында 4 пәндік сабақ (химия, информатика, тарих, математика) ағылшын тілінде жүргізіледі.

Фото:bnews.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: