Лента новостей
0

ҚР Әскери-теңіз күштерінде кәсіби сүңгуірлерді даярлау басталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.05.2016 20:37 Zakon.kz
Оқудың жалпы ұзақтылығы 14 күнді құрайды. Дайындық теориялық сабақтарды қамтиды.

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері Ақтау қаласында алғаш рет Маңғыстау облысының ТЖД құтқару жасағымен өзара іс-қимыл жасауда теңіз биатлонына дайындалу шеңберінде сүңгуірлік дайындықтан өтуде. Бұл туралы zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме беріп хабаралайды.

Толық оқу курсынан өткен және бітіру емтихандарын сәтті тапсырған тыңдаушыларға тиісті сертификаттар, сондай-ақ «3-сыныпты сүңгуір» біліктілігі беріледі. 29011 және 21814 әскери бөлімдерінен 22 әскери қызметші дайындықтан өтуде. Дайындыққа 1-сыныпты сүңгуір Асқар Хамит жетекшілік етеді.

Оқудың жалпы ұзақтылығы 14 күнді құрайды. Дайындық теориялық сабақтарды қамтиды. Сүңгуірлік түсудің физикасы мен физиологиясы, сүңгуірлік медицина, түсулер мен жұмыстарды ұйымдастыру, керек-жарақ пен практикалық сабақтар – сүңгуірлік керек-жарақты меңгеру дағдылары, құтқару жұмыстары және су астындағы апаттық жағдайдан шығу. Дайындықты өткізу кезеңінде капитан-лейтенант

Дастан Самат жақсы жағынан ерекшеленді. ҚР Әскери-теңіз күштеріндегі сүңгуірлік дайындық екі кезеңде өтетінін айта кетейік. Қысқы кезеңде әскери қызметшілер теорияны және жазда практикалық даярлықты өтеді. Оның қорытындысы бойынша теңізші әскери қызметшілер өздерінің кәсіптік қызметімен бірге қосымша дағдыны игере алады.

Фото:www.mod.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: