Алматы облысында орнитологиялық туризм дамып келеді
Zakon.kz
Алматы облысындағы Алакөл көлінің маңында дәстүрлі «Алакөл қанаты» экофестивалі өтті.
Орнитологиялық туризм Алматы облысында енді ғана дамып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.
«Аудан аумағында 1998 жылдың 5 сәуірінде ашылған Алакөл қорығы орналасқан. Қорық аумағына Алакөл көлдерінің сулы-батпақты жерлері, Сасықкөл акваториясы, Аралтөбе және Шұбартүбек аралдары кіреді. Алакөл ауданында «Алакөл қанаты» атты көктемгі экофестиваль төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл облыстағы ішкі туризмнің дамуына септігін тигізеді», - деп хабарлады Алматы облысы бойынша туризм басқармасынан.
Республикалық фестивальға қатысқан 50 бердвочер үш күн бойы құстардың 60-тан асқан түрін көріп қана қоймай, оларды таспаға түсіріп алды.
Фото: tr-kazakhstan.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript