Лента новостей
0

Астанада әйелдер арасында бокстан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.05.2016 22:05 Zakon.kz
Астанадағы әлем чемпионаты: Қазақстандық боксшы қыздардың қарсыластары белгілі болды.

Астанада бокстан әлем чемпионатының жеребесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

Бірінші кезеңде 48 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Назым Қызайбай Польша өкілі Анжелика Гроньскаямен кездеседі.

Жайна Шекербекова (51 кг) екінші кезеңде аргентиналық Сиара Лескурат пен Алжир өкілі Соухила Боучене кездесуінің жеңімпазымен күш сынасады.

Дина Жоламан (54 кг) Клаудия Нечита (Румыния) мен Орнелла Вагнер (Германия) кездесуінің жеңімпазымен, ал Айжан Ходжабекова (57 кг) Марина Малована (Украина) және Вивьен Ксомбор (Венгрия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Римма Волосенко 1/8 финалға шығу үшін Ивон Расмуссен (Дания) және Ти Дуйен Лю (Вьетнам) жекпе-жегінің жеңімпазымен күш сынасады.

Зарина Цолоева (64 кг) бірінші кезеңде Вьетнам өкілі Ти Лин Ха, а ал Валентина Хальзова кореялық Химин Номен кездеседі.

Виолетта Князева (75 кг) австралиялық Кейтлин Паркермен, Юлдуз Маматкулова (81 кг) ресейлік Любовь Пашинамен жұдырықтасады.

Ең ауыр салмақта 81 кг өнер көрсететін Ляззат Күнгейбаева ширек финалда Айнұр Рзаева (Әзербайжан) жіне Сима Пуния (Үндістан) жұбының жеңімпазымен күш сынасады.

Фото: inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: