Лента новостей
0

Астанада масалармен күрес басталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.05.2016 23:39 Zakon.kz
Астананың үш ауданында ашық аумақтар масалардан қорғайтын барьермен өңделді.

Қалада күн жылынғанда шыбын-шіркеймен күрес басталады. Сәуір айының ортасында үш ауданда да масаларды жою жұмыстары қолға алынды. Осы күнге дейін қалада 26 мың гектардан астам жер мен саяз судың 3,5 мың гектардан артық аумағы өңделді. Қалада залалсыздандыру жұмыстарына 187 жұмыскерден тұратын 10 бригада тартылған, деп хабарлайды

Қазіргі кезде Астана қаласының «Алматы» ауданы бойынша 6 мың га жуық аумақ, ауданы 603,5 га саяз су өңделді; Сарыарқа ауданында 4 мың га жуық аумақ пен ауданы 1518 га батпақ жер өңделді; «Есіл» ауданында өңделген аумақ 1050,45 га құрады, ал өзен ауданы - 1491 га. Масалармен күресу үшін құрамына циперметрин және хлорперифос кіретін препараттар пайдаланылады. 1 га жерге залалсыздандыратын заттың 0,350 л мөлшері жұмсалады.

Үстіміздегі жылдың сәуір айының соңында су қоймаларын өңдеудің бірінші кезеңі аяқталды. Тиісті жұмыстар Алаш және Қарағанды тасжолдарының бойында, Мичурино, Интернациональный, Промышленный кенттеріндегі өзендерде, Тельман, Шұбар, Пригородный, Заречный, Үркер, Шығыс Ильяинка тұрғын алаптарында жүргізілді. Сарыбұлақтың бойы және Есіл өзенінің жағасы, Талдыкөл маңы да тыс қалған жоқ. Қазіргі кезде масалардың ұшуын болдырмау үшін батпақ жерлер мен таяз өзендерді тексеру жұмыстары қолға алынды.

Астананың үш ауданында ашық аумақтар масалардан қорғайтын барьермен өңделді. Айта кетейік, ашық аумақтарда дератизация – кеміргіштерді жою жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Бүгінде қала аумағында «Нұра-Есіл» каналы, Талдыкөл су жинағышы және оның маңындағы су қоймалары, Астана мен қаланың айналасындағы өзендер өңделді.

Фото:astana.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: