Павлодарда Музей түніне 600-ден астам адам келді
Павлодарда осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылған Музей түніне 600-ден астам адам келді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Гүлжайнат Әлиеваның айтуынша, бұл соңғы жылдары тіркелген рекордтық көрсеткіш десе болады.
-Билеттердің барлығы әп сәтте саудаланып кетті. Павлодарлықтар шара басталмас бұрын экскурсияға тапсырыс беріп жатты. Бұдан басқа, 12 жасқа дейінгі балаларға тегін кіру мүмкіндігі ұсынылды. Сондықтан жас өрендердің саны басым болды. Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына тарихи оқиғаларға қатысқан атақты тұлғалардың бейнелерін сомдаған кейіпкерлер, музейдегі жәдігерлер жаңа қырынан көрсетілді, - дейді Г. Әлиева.
Фото: culturemap.kz