Лента новостей
0

Депутаттар желілік маркетингті жоймақ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.05.2016 18:38 Zakon.kz
«Деніңізді сау етеміз, байлығыңызды тау етеміз» дейтін желілік маркетингтің тамырына балта шабылуы тиіс.

«Деніңізді сау етеміз, байлығыңызды тау етеміз» дейтін желілік маркетингтің тамырына балта шабылуы тиіс. Мәжілісмен Жамбыл Ахметбековтің депутаттық сауалы осы тақырыпта болды, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Жастармен қоса, егде тартқан ата-аналарымыз да жегілген желілік маркетингтің коғамға тигізер кесірі сөз етілді. Халық қалаулысының пікірінше, елімізде бұл іспен айналысуға мүлдем шектеу қойылу керек. Арнайы заң шығарып, маркетинг құрбаны болғандар айыппұл арқалауы тиіс. Бұл сауда айналымына түсетін тауарлардың 90 пайызы контрабандалық жолмен тасымалданатын көрінеді. Өзге елдің өнімін сатып алу арқылы өз еліміздің тауарлары жетімнің күйін кешуде. Бүгінде Корея, Қытай, АҚШ, тіптен көршілес Өзбекстанда мұндай іске барғандар заң алдында жауап береді.

"Қазіргі әлемдік дағдарыс кезінде желілік маркетингтің ел экономикасына өте зиянды екенін түсінуіміз қажет. Миллиондаған ақшаның шетел асқанын байқаған Шри-Ланка секілді кейбір мемлекеттерде бұл сауда түріне тыйым салынды. Себебі 20 жылдың ішінде ел әлеуеті күрт төмендеген",- ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жамбыл Ахметбеков.

Сондай-ақ бүгін Мәжіліс депутаты Роман Склярдың өкілеттілік мерзімі тоқтатылды. Парламенттегі креслосынан бөлек, ол Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы болатын. Еске сала кетейік, халық қалаулысы жақында ғана Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалған еді.

Фото: www.almaty.tv

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: