Лента новостей
0

Алатау баурайында өсетін жабайы алма 80 пайызға азайған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.05.2016 21:02 Zakon.kz
ЮНЕСКО жанындағы биорезерватқа Қазақстаннан 6 табиғи қорық енген. Алдағы үш жылда оған «Іле Алатауы», «Алтай», «Алтынемел» және «Қаратау» табиғи қорықтарын енгізу қарастырылуда.

Апорттың атасы - Сиверс алмасын жандандыру және «Қызыл кітапқа» енген барыстың санын ұдайы бақылап отыру керек. Биыл құрылғанына 20 жыл болған «Іле Алатауы» ұлттық қорығындағы басты бағыттың бірі – осы. Алматыда бас қосқан ұлттық қорықтар басшылары мен ғалымдар табиғи паркті ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік резерваттары қатарына қосу туралы да мәселе көтерді, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

2 жүз мың гектар аумақты алып жатқан «Іле Алатауы» ұлттық паркінің табиғаты өте бай. Мұнда өсімдіктің 1300-ден астам түрі өседі және жануарлардың 300-ге жуық түрі бар. Парк мақтанышы – қар барысы. Әлемде сирек кездесетін жыртқыш аң төрт мың метр биіктікте тіршілік етеді.

Марлен Айнабеков, «Іле Алатауы» Ұлттық табиғи паркінің директоры:

- Бүгінгі күнге біздің тауымызда 42 бас барыс деп есептеп отырмыз. Биыл тағы да проон арқылы барыспен жұмыс істеліп жатыр. Санын алып , биыл ғылыми зернттеу жұмыстарын тағы да бастап жатырмыз.

ЮНЕСКО жанындағы биорезерватқа Қазақстаннан 6 табиғи қорық енген. Алдағы үш жылда оған «Іле Алатауы», «Алтай», «Алтынемел» және «Қаратау» табиғи қорықтарын енгізу қарастырылуда. Бұл табиғи аймақтар осы санатқа енгізілсе, халықаралық ғылыми жобаларға қатыса алады. Бұл тізімге ену үшін табиғи парк жануарлар дүниесі мен өзен-суға бай болуы керек. Ол жердің экожүйесіне адам тарапынан нұқсан келмеуі тиіс. Бұл – басты шарт. Бұған қоса аймақта туризмді дамытуға қолайлы жағдай жасалу қажет. Міне, «Іле Алатауы» осы талаптарға сай парк саналады. Алатау баурайы алманың отаны саналады. Бүгінде жабайы алманың көлемі 80 пайызға азайған. Осы олқылықтың орны толтыру үшін ұлттық парк ғалымдары Алматы селекциялық орталықпен бірлескен жобаны бастаған.

Раиса Төреханова, «Іле Алатауы» Ұлттық табиғи паркінің аға ғылыми қызметкері:

- Жабайы Сиверс алмасының табиғи таралуы бәсең. Сондықтан біз алдымен көшеттерді өсіруді қолға аламыз. Ол үшін Түрген тауындағы, Белшабдар шатқалында 2 гектар жерді дайындап қойдық.

Қазақстанның әсем табиғатын тамашалауға бүгінде туристер көптеп келе бастаған. Мәселен, «Іле Алатауы» ұлттық паркіне өткен жылы 200 мыңға жуық адам саяхаттапты.

Алмас Сәдуақас, Кенже Амраев

Фото: egemen.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: