Лента новостей
0

Бір аптада Жер реформасы жөніндегі комиссияға 700 қоңырау түскен

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.05.2016 18:46 Zakon.kz
Комиссия төрағасы ұсыныстардың барлығы қараусыз қалмайтынын айтты.

Жер реформасы жөнiндегi комиссия жұмыс топтарына бөлiнедi. Бұл туралы аталған комиссия жұмысына арналған брифингте Премьер-министрдiң бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлiмдедi, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен сенбіде болған Жер рефомасы жөніндегі комиссия отырысында комиссия мүшелерін белгілі бір топтарға бөлу жөнінде ұсыныс айтылған. Бақытжан Сағынтаев ұсыныстың қабылданғанын және жұмыс тобы экономикалық, құқықтық рәсiмдердiң заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етумен және комиссия шешiмдерiн түсiндiрiп, ақпараттандырумен шұғылданатынын хабарлады.

"Өткен сенбiде болған бiздiң отырысымызда комиссия мүшелерiнiң тарапынан жұмысымызды бастаған кезде белгiлi бiр топтарға бөлiнiп, сол бағытта жұмыс жасайық деген ұсыныс болған. Осы ұсыныс қабылданып, жұмыс тобы экономикалық, екiншiсi құқық саласының, үшiншiсi рәсiмдердiң заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етумен, төртiншi жұмыс тобы комиссия шешiмдерiн түсiндiрiп, ақпараттандырумен айналысады",- деді Жер реформасы жөніндегі комиссия төрағасы, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев.

Жұмыс топтарының құрамы 21 мамырда өтетін кезекті отырыста белгілі болмақ. Сонымен қатар, комиссия жанынан құрылған қауырт желі туралы да сөз қозғалды. Бір апта ішінде қазақстандықтардан жер реформасы мәселелері бойынша 700 қоңырау түсіпті. Комиссия төрағасы ұсыныстардың барлығы қараусыз қалмайтынын айтты.

"Əрбір ұсыныс қараусыз қалмайды. Жер мәселесіне қатысты ұсыныстардың барлығы комиссияның қарауына шығарылады. Сонымен қатар, əлеуметтік желілердегі және бұқаралық ақпарат құралдарында жазылып жатқан ұсыныс-пікірлердің барлығы қаралып жатыр. Əрбір адам осы жанды тақырып жайлы өзін толғандырған ойын жеткізе алады. Елбасы атап өткендей, жер үшін шын жаны ауыратын адам өз ойын ашық айту керек",- деді Жер реформасы жөніндегі комиссия төрағасы, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев.

Фото:ortcom.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: