Лента новостей
0

Таразда «Шәкірт пен ұстаз» атты көрме өтті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.05.2016 22:23 Zakon.kz
Көрмеде бейнелеу өнерінің натюрморт, пейзаж, портрет сынды жанрларында салынған 50-ден астам жұмыс қойылған.

Жамбыл облыстық көрме залында «Шәкірт пен ұстаз» атты шығармашылық жұмыстардың көрмесі өтті. Оған Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасының профессор-оқытушылары мен студенттерінің өнер туындылары қойылды. Бұл туралы zakon.kz, ТарМПИ Ақпараттық-имидждік қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 50 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отырған көрмеге есімі елге белгілі педагог-суретшілер М. Рахимжанов, А. Ибраева, М. Паншаев, М. Абдрасилов, Б. Мырзахметовтің, сондай-ақ Өнер және мәдениет факультеті студенттерінің жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды.

Көрменің негізгі мақсаты – көпшіліктің бейнелеу өнеріне көркем құндылық тұрғысындағы көзқарасын қалыптастыру және суретшілер арасында тәжірибе алмасу. Сонымен қатар жергілікті қылқалам шеберлерін қолдау және кәсіби бейнелеу өнерін насихаттау.


Көрмеде бейнелеу өнерінің натюрморт, пейзаж, портрет сынды жанрларында салынған 50-ден астам жұмыс қойылған. Өнер туындыларында авторлардың жүрек жылуы мен өнерге деген махаббаты, егемендік жылдарындағы Қазақстанның жеткен жетістіктері кеңінен орын алған.

Іс-шара соңы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенттерінен құралған «Томирис» би тобының концерттік бағдарламасына ұласты.


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: