Лента новостей
0

Нөсер жауыннан көлігіне ағаш құлаған жүргізуші шығынды өндіре алмай жүр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.05.2016 16:44 Zakon.kz
Мамыр айында Алматыға түскен ылғалдылық деңгейі рекордтық көрсеткішке жеткені белгілі.

Ағаштың табиғат әсерінен опырылып құлауы апатқа жата ма? Тіл мамандарына жүгінген қала тұрғыны сақтандыру компаниясынан темір тұлпарына келген шығынды өндіре алмай жүр. Талабымен екінші тарап келіспей отыр. Сақтандырушылардың пайымынша, ағаштың көлікке опырылып құлауы табиғат апатына жатпайды. Алмагүл Серікқалиева 2014 жылы Алматыдағы автосалондардың бірінен несиеге көлік алған. Құжаттарды рәсімдеу кезінде оған көлікті ерікті сақтандыруға ұсыныс жасалған. Алмагүл құжаттарға қол қойғаннан кейін көлігін айдап кете барған. Ал, өткен жылы қарашадағы жаңбыр маусымында көлік тұрағы маңындағы ағаш өз салмағын көтере алмай, Алмагүлдің машинасына құлапты. Көлік иесі құжаттарын алып, сақтандыру компаниясына барған. Сақтандырғандар шығынды 550 мың теңгеге бағалапты, деп жазады Алматы телеарнасы.

"Бір аптадан кейін келіңіз деді. Бір аптадан кейін барсам, сіздің жағдайыңызда мұндай сақтандыру қарастырылмаған дейді",- деді талап етуші Алмагүл Серікқалиева.

Даудың басы келісімшарттың орыс тіліндегі нұсқасында жазылған "обвал" сөзінен басталды. Құжатқа сенсек, ағаштың табиғат құбылысы салдарынан опырылып құлауы апатқа жатпайды-мыс. Бұған дейін болған алғашқы сот отырысында талап етуші жақ тіл мамандарын шақырып, барлығын дәлелдеген. Бірақ жауап беруші тарап, шарттың орысша жазылғанын және мамандары қазақша түсінбегендіктен, аудармашыны талап етіпті. Бүгінгі сот отырысында лингвистер тобы талдың опырылып құлауын табиғат апатына жататынын орыс тілінде тағы тәптіштеп түсіндірді.

"Біз өз сараптамамызда тілші ретінде ағаш қандай жағдайда опырылып құлауы мүмкін. Ол әрине, табиғи апат, табиғи құбылыстардың нәтижесінде болатын құбылыс деп санаймыз да және бүгінгі талқыланған істе біз ағаштың опырылуы әбден мүмкін және талапшының сұранысы тілдік тұрғыдан заңды деп санаймыз А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты терминология бөлімінің ғылыми қызметкері Қарлығаш Айдарбек.

Ал, сақтандыру компаниясының өкілдері барлығын жоққа шығарып, талдың опырылып құлауын апатқа жатқызғысы келмей отыр. Тіпті, өздерін камераға түсіруге қарсы екендіктерін де жеткізді. Ал, талап етуші істі соңына дейін жеткізгісі бар.

"Келесі клиенттер қателік қадамға бармасы үшін осы сақтандыру компанияларына шынайы қала ішінде болатын оқиғаларды енгізуін талап етемін. Екіншіден, олар әрбір оқиға тар мағынада берілген екен да, мысалы, «опырылып құлау». Оның қандай жағдайда опырылып құлау екенін олар жазбаған",- деді Алмагүл Серікқалиева.

Мамыр айында Алматыға түскен ылғалдылық деңгейі рекордтық көрсеткішке жеткені белгілі. Дегенмен, бұл темір тұлпар айтып келмейтін табиғат құбылысынан сақтандырылған ба, жоқ па, белгісіз.

Азамат Әуезхан, Қанат Кигізбаев

Фото:arena-rv.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: