Лента новостей
0

"Юбилейный" аумағында өртенген пәтер тұрғындары үйлеріне оралуда

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.05.2016 17:44 Zakon.kz
Жалпы 7 пәтер толық қалпына келтірілген. Ал, өрт шалған пәтерлердің саны - 27. Соның жетеуі күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

Алматыда қызыл жалынның құрбаны болған үйдің тұрғындары баспаналарына қайта оралуда. Өрт шыққан супермаркет басшылары 7 пәтердің қожайынына бүлінген дүниесін түгендеп берген. Тағы 7 пәтер күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Қазір құрылысшылар тұрғын үйдің алдыңғы бөлігін де күн-түн демей қалпына келтіруде. Анықталғандай, орны босап қалған жерде «Юбилейный» дүкені қайта қазығын қағады, деп жазады Алматы телеарнасы.

Улы иіс пен күйіктің де ізі қалмаған пәтерге кіргендердің бірі Мұсабек үрейге толы сейсенбінің таңын қорқынышпен еске алады. Сол кезде есеңгіреп қалған тұрғын небәрі 10 күннің ішінде баспанасы қайта жарқырап шыға келетінін ойламаса керек. Әкімдік пен өрт шыққан мекеменің бірлескен жұмысының нәтижесі көңілінен шығып отыр. Айтуынша, жауапты тұлғалар күйік шалған жиһаздар мен техникасын жаңартып берген. Тіпті, қонақүйді уақытша паналау шығындарын өртке кінәлі тарап толықтай көтерген.

"Әйтеуір айтқан сөздерінде тұрды. Бұл жерде бізден 1 тиын шығын шығармады. Барлық затты өзім келіп таңдап алып тұрдым, ақшасын өздері төледі. Енді көңілімнен шықты, барлық заттарды алып берді. Маған 3 кондиционер алып берді, полный, жаңасынан люстралар алып берді. Матрас әперді, одан кейін түсқағаздардың бәрін ауыстырып берді",- деді Мұсабек Есболатов.

Айсұлу Қаманованың да баспанасына адам кірсе, шыққысыз. 3 бөлмесі бұрынғы қалпына келген. Құрылысшылар жалын шарпыған қабырғаларды сырлап, сылап берген. Әпкесінің үйінде 1 аптадай тұрған ол бүгін-ертең қонысына кіруге ниетті.

"Бізде әсіресе терезелер сынып, шымылдықтар қатты зақымданды. Тапсырыс берген шкафтарымызды бастапқы түріне келтірді. Ол үшін ақшасын төледі. Енді едендерімізді жасап беруде. Шағымымыз жоқ, ризашылығымызды білдіреміз",- деді Айсұлу Қаманова.

Құрылысшылар өрттен кейінгі күні бірден қолдарына саймандарын алып, қалпына келтіру жұмыстарына жеңін түре кіріскен.

Қазіргі таңда құрылысшылар қызыл жалынның құрбаны болған подъездердің біріндегі 2 пәтерді ретке келтірген. Сондай-ақ өңі қашқан кіреберістің ажарын ашқан. Осы жерде он күн бұрын өрттің болғанын айғақтайтын бірде-бір дәлелді таба алмайсың. Яғни, төбелері боялып, баспалдақтары тазартылған. Әрі әр қабатта жаңа терезе орнатылған.

Жалпы 7 пәтер толық қалпына келтірілген. Ал, өрт шалған пәтерлердің саны - 27. Соның жетеуі күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Құрылысшылар баспаналарды реттеуге уақыт керектігін айтады. "1 аптада жөндеп, иелерінің иелігіне беру мүмкін емес",- дейді.

"Күрделі жөндеу жұмыстарына уақыт керек. 1 аптада бітіре алмаймыз. Сонымен қатар, үйдің алдыңғы жағын реттеу жұмыстары орындалуда. Қолайсыз ауа райына байланысты уақытша тоқтатылды. Негізі бұл жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатыр",- деді «Юбилейный» әмбебап дүкенінің директоры Рахат Тақтаболатов.

Орны босап қалған жерде сол әлгі «Юбилейный» супермаркетінің қазығы қайта қағылады. Сондай-ақ жанынан тынығатын жазғы алаңқайлар пайда болмақ. Бар шараны мойнына алған мекемеден кеткен шығын мөлшері әзірге белгісіз.

Қайырбек Жәйлібекұлы, Әсет Құндақбаев

Фото: www.newsfactory.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: