Павлодарда тежегіші істен шыққан автобус аялдаманы бұзып өтті
Павлодарда тежегіші істен шыққан №14 автобус жүргізушісі Чкалов көшесі бойындағы Комсомольская аялдамасын бұзып өткен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің инспекторы Бибол Жұмановтың айтуынша, жол көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ.
-Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабы бойынша өндіріс қозғалды. Сот шешімімен көлікті басқарған азамат аялдаманың шығынын өтейді. Бұл ретте, жолаушылар көлігінің №1 Автобус паркінде техникалық тексеруден өткен-өтпегендігі де анықталады, - деді Б. Жұманов.
№1 Автобус паркі басшысының міндетін атқарушы Надежда Игизбаеваның айтуынша, көлік күн сайын автопарктен шығар алдында техникалық бақылаудан өтеді.
Абзал Қабдраш
Фото: pavlodarnews.kz.