Елбасы «СИТИК Групп» корпорациясының президенті Ван Цзюньді қабылдады
Zakon.kz
В.Цзюнь Нұрсұлтан Назарбаевқа республикамыздың құрылыс және мұнай-газ саласының одан әрі дамуына ықпал ететін түрлі жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.
Кездесу барысында қазіргі бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, сондай-ақ өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттары қарастырылды, деп хабарлайды, Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп.
Мемлекет басшысы мұнай және газ саласын Қазақстан мен Қытай серіктестігінің жетекші саласы ретінде атай отырып, еліміз «СИТИК Групп» корпорациясымен біраз уақыттан бері табысты ынтымақтасып келе жатқанын айтты.
В.Цзюнь Нұрсұлтан Назарбаевқа республикамыздың құрылыс және мұнай-газ саласының одан әрі дамуына ықпал ететін түрлі жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.
Фото: www.akorda.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript