Лента новостей
0

Павлодар облысында өндірісте зардап шеккендердің 24 пайызы - әйелдер

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.05.2016 23:01 Фото: zakon.kz
Облыстық статистика басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, 10 адам топтық жазатайым оқиғалар кезінде, үшеуі кәсіптік аурулардан, төртеуі улану кезінде зардап шеккен.

2015 жылы Павлодар облысында өндіріс орындарында 164 жазатайым оқиға тіркелген. Оның ішінде зардап шеккендердің 24,4 пайызын әйелдер құрайды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық статистика басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, 10 адам топтық жазатайым оқиғалар кезінде, үшеуі кәсіптік аурулардан, төртеуі улану кезінде зардап шеккен. Оқыс оқиға салдарынан тоғыз адам қайтыс болған.

Оның ішінде біреуі - әйел адам. Аталмыш оқиғалардың басты себебі - зардап шегушінің сақтық шараларын сақтамауы. Осы себептен 85 адам зардап шегіп, оның үшеуі көз жұмды. Сонымен қатар, жазатайым оқиғаның нәтижесінде 52 адам жабық сынық, 37 сыртқы жарақат, 18 шайқалудан болған жарақат және ішкі ағзалардың жарақаты, 13 ашық сынық, 10 термикалық күйіктер, 10 ашық жарақат, 10 травматикалық ампутацияға ұшырады. 2015 жылы үш кәсіптік ауру тіркелді. Бұл - тыныс алу органдарының туберкулезі мен жүйелiк әсері бар басқа жұқпаға қарсы және паразиттерге қарсы дәрi-дәрмектермен улану. Зардап шеккендердің көпшілігі - 40-60 жас аралығындағы білікті жұмысшылар.

Фото:ruwest.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: