Лента новостей
0

КазЦИК ауылының тұрғындары бас көтерді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.05.2016 17:56 Zakon.kz
15 жыл ойлы-шұңқыр болып жатқан жолды қалыпқа келтіру үшін халық қомақты қаржы жинауы тиіс.

Іле ауданына қарасты КазЦИК ауылының жүзге жуық тұрғыны көшеге шықты. Халық атқамінерлерден қайыр жоқ, қараусыз қалдық дейді. Жолды жөндеуге жыл сайын мемлекеттен миллиардтаған қаржы бөлініп жатса да, мыңнан астам түтін орталық трасса құрылысы үшін өздері ақша жинап келеді. Төзімі таусылған жұрт бүгін әкімдікке барғанмен, олардың үмітін округ әкімі тағы үзді, деп хабарлайды «Алматы телеарнасы».

Жолдан тартқан азабын айтып қалғысы келген көпшілік бір-біріне сөз берер емес. Әбден мезі болған олар орталықпен байланыстыратын 3 шақырымға жуық жолмен жүру үшін тау асқандай боламыз дейді. Боралдай кентіне жанаса орналасқан аумақ бұрын бау-бақша болғанмен, қазір тұратын түтіннің саны мыңнан асып кеткен. Ал, ауылдың орталық жолын жөндеу үшін жұрт жыл сайын өзара төраға тағайындап, «жылу» жинайды. Бірақ қадам сайын қазылған қалың тесікті түгендеп, бітеуге күштері жетер емес.

"Балалардың үстілері батпақ. 21 ғасыр дейді. Қайдағы, сонау шабанның мал бағып жүрген балалары секілді".

"Істесе жұмысын жақсы деп бағалар едік қой. Халықтың жанайқайы шыққан соң осылай болып тұр. Жұмыс істемейді".

Іле ауданының өзге де елді мекендері секілді бұл жаққа да жедел жәрдем, полиция, өрт қызметкрелері келмейді. Аудан атқамінерлері әупірімдеп жүріп оқушыларға автобус шығарып бергенмен, жолдың жамандығын сылтауратқан жүргізушілердің келмей қалуы жиі қайталанады.Әкімдіктің заңгері есікті іштен жауып алғанмен, жиналған ел бәрібір ішке кірді. Келген жұртқа зеки сөйлеген жас әкім биыл округ бойынша жалпы ұзындығы 5 шақырым жолды жөндетуге тапсырыс берілгенін жеткізді. Ал, бұл елді мекенге мынадай көмек көрсетілмейтін болды.

"Өздері ақша жинаса, біз техника, б/у асфальт тауып беруге дайынбыз. Оның сыртында түсіндіру жұмыстарын көрсете аламыз. Өйткені бұл аумақ бізге қарайды",- деді Іле ауданы КазЦИК ауылдық округінің әкімі Айбарбек Жасымбеков.

Мыңнан астам үй тұратын аумаққа бәрібір ақша бөлінбейтіні белгілі болды. 18 кооперативтен тұратын бау-бақша серіктестігі мемлекеттен көмек алу үшін ауылдық мәртебеге ие болуы тиіс.

15 жыл ойлы-шұңқыр болып жатқан жолды қалыпқа келтіру үшін халық қомақты қаржы жинауы тиіс. "Ақша жинасаңдар, ары қарай қозғаламыз" дегенді әкім ашық айтты. Жолымыз жөнделіп, жағдайымыз жақсарамыз ба деген елдің үмітін әкім осылай үзді.

Әмірболат Құсайынұлы, Мұрат Тайжан

Фото:almaty.tv

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: