2016 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 1%-ды құрайды - ҚР ҰЭМ
ҚР ҰЭМ болжамына сәйкес Қазақстан экономикасының өсімі 2016 жылы 1%-ды құрауы мүмкін, деп мәлімдеді Астана экономикалық форумы барысында ведомство басшысы Қуандық Бишімбаев. Бұл туралы , primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.
«Егер оптимистік болжам жайлы айтар болсақ, биыл экономика өсімі 1%-ға жетуі мүмкін», - деді Қ.Бишімбаев тілшілерге берген жауабында.
Сонымен қатар, оның айтуынша, ведомствоның консервативті болжамына сәйкес экономика өсімі биыл «кем дегенде 0,5%-ды құрайды».
Министр түсіндіргендей, экономикалық болжам негізіне мұнай бағасы барреліне 30 доллар көлемінде жоспарланған.
«Қазір көріп отырғандарыңыздай, мұнай бағасы өсті. Әрине, бұл Қазақстан экономикасына әсер етпейді. Ұлттық валюта бағамын тұрақтандыру және инвестициялық ахуалды жақсарту оптимистік болжамға жүгінуге негіз болады», - деп есептейді ҚР ҰЭМ басшысы.
Естеріңізге салсақ, бүгін елордада IX Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады. АЭФ-2016 басты тақырыбы «Жаңа экономикалық шынайылық: әртараптандыру, инновациялар жәні білім экономикасы».
Форумда саясаткерлер, ірі қаржы құрылымдарының басшылары, халықаралық ұйым басшылары, әлемді мойындатқан сараптық қауымдастық өкілдері, ғалымдар бас қосты. Биылғы жылдың айтулы қонақтарының ішінде түрлі салалардағы Нобель сыйлығының лауреаттары бар.
Форумның мақсаты әлемдік сарапшы-экономисттер Орталық Азия өңірінен бөлеу, сондай-ақ барлық әлем кеңістігінде экономикалық даму мәселесін талқылай алатын бейтарап халықаралық тұғырнаманы қалыптастыру.
Фото: mln.kz