Лента новостей
0

ШҚО-дағы Үлбі өзеніне экологиялық қауіп төнді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.05.2016 15:37 Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысындағы ластанған Үлбі өзенінің суы енді Ертіске құйылып жатыр. Бұл экологиялық апатқа әкеп соқтыруы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысындағы ластанған Үлбі өзенінің суы енді Ертіске құйылып жатыр. Бұл экологиялық апатқа әкеп соқтыруы мүмкін. Қазірдің өзінде сұр түске боялған өзен маңындағы елді-мекендерді қолқаны қабатын улы иіс жайлаған. Бірнеше күннен бері Үлбіге «Қазцинк» коллекторынан қалдықтар ағуда.

«Біз бетперде киіп жүруге мәжбүрміз. Өйткені, тыныс алу мүмкін емес. Неге сасып жатқаны тағы белгісіз. Суға қарасақ цемент қалдықтары немесе мазут қосылып аққан секілді», - дейді мұңын шаққан Тишинка ауылының тұрғыны Любовь Мацак.

Ал сыртқа бетпердесіз шықса тамақтары қарылып, көздері жасаурайтын болған. Тіпті естерінен танып қала жаздайды екен. Төтенше жағдайлар департаменті уақытша Үлбі өзенінде шомылуға, суын шаруашылық мақсатта қолданбауға және мал суғармауға кеңес берді. Ауылдықтар олардың ескертуінсіз-ақ төрт-түліктерін он шақты шақырым жердегі жайылымға апарып тастаған. Ал қол қусырып отырған жергілікті билікке өкпелері қара қазандай. Риддердегі мырыш өндіретін комбинаттың қалдықтары құйылғанын білсе де, тексеріс жүргізуге келген бір маманды көрмедік дейді ауылдықтар. Ал «Қазцинк» апаттың салдарын жоямын дегенше лай су Ертіске де жеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

«Бұған бірінші дұрыстап сараптама жүргізу керек. Сонда бәрі анықталады. Одан кейін қоршаған ортаны ластаған тұлғаны қатаң жазалау қажет. Мысалға, лицензиясынан айырған дұрыс. Онсыз да балық аз еді, енді ол да қырылып қалатын болды», - дейді сарапшы маман Николай Масанин.

Фото: vsereki.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: