Лента новостей
0

БҚО-ның оңтүстік аудандары биыл су тапшылығын сезінуі мүмкін

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.05.2016 16:35 Zakon.kz
Жәнібек, Бөкей ордасы, Жаңақала және Қазталов аудандарында ауыл шаруашылығына қажет судың 80 пайызы көрші ел аумағындағы Еділ өзенінен алынады.

БҚО-ның оңтүстік аудандары биыл су тапшылығын сезінуі мүмкін. Өйткені, рубль бағамы жиі өзгергендіктен, су ақысы да қымбаттап отыр. Ал Жәнібек, Бөкей ордасы, Жаңақала және Қазталов аудандарында ауыл шаруашылығына қажет судың 80 пайызы көрші ел аумағындағы Еділ өзенінен алынады. Бір жылға жетерлік су қорының орташа мөлшері 107 млн текше метрді құрайды. Сол үшін мемлекеттен жыл сайын 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді, деп жазады 24.kz арнасы.

Шынболат Ермағамбетов, «Қазсушар» РМК БҚФ бас инженер-гидротехнигі:

- Өтінім сол уақыттағы курспен алынған. Ол кезде 1 рубль 3,5 теңге болды. Бір млрд 1 млн теңге болып бағаланды. Қазір таңда бір рубль 5 теңгенің шамасында. Яғни біз 5 теңгемен есептегенде 620-622 млн теңгеге жуық қаржы жетпейді.

Фото: 24.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: