Олжас Сүлейменов Павлодар облысының құрметті азаматы атанды
Бүгін С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінде Қазақстанның халық жазушысы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 80 жылдық мерейтойына арналған кездесу өтті. Салтанатты жиын барысында сөз алған аймақ басшысы Болат Бақауов мерейтой иесін мерекесімен құттықтап, арқасына шапан жапты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
- Бүгінгі кездесу Ертіс-Баян өңірінің халқы үшін естен кетпес тарихи оқиға. Биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында Олжас Омарұлы 80 жасқа толып отыр. Облыс алдында сіңірген еңбегіңіз үшін сізді Павлодар облысының құрметті азаматы атағымен марапаттауға рұқсат етіңіз, - деді Б. Бақауов.
Сондай-ақ С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың ректоры Арын Өрсариев О. Сүлейменовті мерейтойымен құттықтап, Олжабай бабасының суреті мен кітаптарды сыйға тартты.
Айта кетерлігі, шара барысында білім ордасында Олжас Сүлейменов атындағы аудитория ашылды.
Фото: pavlodarnews.kz