Лента новостей
0

Алматыда 1919-1936 жылдарды қамтыған электронды анықтама таныстырылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.05.2016 17:41 Zakon.kz
Музей сайтында 800 мыңдай, мемлекеттік органдар мен мекемелер жетекшілерінің өмірбаяны сақталған.

Елбасы мұрағатының ресми сайтын қараған азаматтардың саны миллионнан асты. Бұл туралы «Менің елім» ұлттық жобасын іске асыруға арналған баспасөз конференциясында мәлім болды, деп жазады Алматы телеарнасы.

Қазақстандықтар, әсіресе Кеңес кезінде ел басқарған тұлғалар туралы деректерге қызығушылық танытқан. Музей сайтында 800 мыңдай, мемлекеттік органдар мен мекемелер жетекшілерінің өмірбаяны сақталған. Саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды кім және қалай жүзеге асырды?1919-1936 жылдарды қамтыған электронды анықтама таныстырылды.

"Кеңестік дәуірде Қазақстанның территориялық әкімшілік бөлінуі өзгеріп отырды. Мысалы 1920-1928 жылдардың арасында негізгі әкімшілік бөлік болып, губерния болып есептелген. Ал, 1928-30 жылдар аралығында губерниялардың орнына округтар енгізілді. Губерния деген ат ескі патшалық сатқыншылық кезінде орны округтарға берілген болатын. Ал, 1930-32 жылдары әкімшілік территориялық басқару аудандар арқылы іске аса бастады",- деді ҚР Президенті мұрағатының директоры Борис Жапаров.

Фото:almaty.tv

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: