Лента новостей
0

2015 жылы Орталық Азияға 1,4 млрд астам еуро инвестиция салынды - С.Чакрабарти

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.05.2016 19:11 Zakon.kz
ЕҚҚДБ-нің Қазақстанға құйылған инвестициясы өткен жылы 700 млн астам еуроны құрады.

2015 жылы Орталық Азияға 1,4 млрд еуродан астам қаржы инвестицияланды, деп мәлімдеді бүгін Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) президенті Сума Чакрабарти Астанадағы 29-шы Шетел инвесторлары кеңесі барысында. Бұл туралы , primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

«Өткен жылы Орталық Азияға 1,4 млрд еуродан астам қаржы инвестиция салынды, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 75%-ға көп», - деді ЕҚҚДБ басшысы.

Сонымен қатар, оның айтуынша, ЕҚҚДБ-нің Қазақстанға құйылған инвестициясы өткен жылы 700 млн астам еуроны құрады.

Біздің республикамыз жайлы айтқан С.Чакрабарти қазақстандық инвестиция моделі «жалпы Орталық Азиядағы біздің әдістің негізі болып табылатынын» баса айтты.

ЕҚҚДБ президенті қазақстандық заңнама ЖЭК бойынша алғашқы жел қуатты электр станцияларын инвестициялауға көмектескенін айтып өтті. Бұдан өзге, ЕҚҚДБ мен ҚР Үкіметі серіктестігінің арқасында қызметтердің кең спектріне инвестиция салу мүмкін болды.

Естеріңізге салсақ, бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 29-шы жалпы отырысы «Астана - халықаралық қаржы орталығы» тақырыбымен басталды.

Іс-шараға халықаралық ірі ұйымдар мен компаниялардың басшылары қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында ЕҚҚДБ, Chevron, «ERG», «Metro Cash&Carry, «JP Morgan & Co.», «Citigroup», «Baker & McKenzie», «Ernst & Young», «ЕБР», «Лукойл» сияқты тағы басқа да компаниялар бар.

Айта кетейік, Шетел инвесторлары кеңесі Қазақстан Президентінің төрағалығымен жүзеге асырылатын кеңесші-консультативті орган болып саналады. Кеңес 1998 жылы елдегі инвестициялық қызмет пен инвестициялық ахуалды жақсартумен тікелей байланысты өзекті мәселелерді тиімді шешу үшін мемлекет пен шетелдік инвесторлар арасындағы тікелей үнқатысуды қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

Елдің инвестициялық саясаты мен экономикалық дамуының басты аспектілері бойынша Қазақстан Президенті мен Үкіметінің қарауына ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу Кеңестің басты міндеті саналады.

Фото: i-news.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: