Павлодар қаласының шетінде тоғыз жасар баланы жылқы басып өлтірді
Фото: zakon.kz
Бала ер-тоқымға қате отырып құлап түсіп, аяғымен ілініп қалған.
Павлодар қаласына қарасты Жетекші ауылында жылқы тоғыз жасар баланы басып кетіп, мерт қылған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Баян Мағзұмованың айтуынша, оқыс жағдай кеше орын алған.
- Төртінші сыныптың оқушысы үлкендердің қарауынсыз атпен шабуға ниеттеніп, жылқыға барған. Бала ер-тоқымға қате отырып құлап түсіп, аяғымен ілініп қалған. Нәтижесінде жылқы оқушыны басы төмен қараған күйі басып кеткен. Алған жарақаттардан жас бала ауруханада көз жұмды. Аталмыш жағдай "жазатайым оқиға" ретінде сотқа дейінгі тергеу базасында тіркелді. Нақты шешім сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады, - деді Б. Мағзұмова.
Бейбіт Құрметбекұлы
Фото: vk.com
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript