Лента новостей
0

Мемлекет басшысы Әлихан Байменовты қабылдады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 30.05.2016 20:06 Zakon.kz
Елбасы Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменовты қабылдады

Кездесу барысында Ә.Байменов Мемлекет басшысын Өңірлік хабтың осы кезеңге дейінгі жұмысының қорытындылары мен алдағы жоспарлары жөнінде хабардар етті. Бұл туралы zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап жазады.

Хабтың Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жолында өңірлік және өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға үлес қосып отырғаны, қазіргі кезде Сингапур орталығымен бірге оның мемлекеттік қызмет саласында білім мен тәжірибе бөлісетін танымал ұйымға айналғаны атап өтілді.

Бұдан бөлек, Астана хабына қатысушылардың саны 34 ел мен 5 халықаралық ұйымға дейін өсті. БҰҰ, ЭЫДҰ, Еуропалық Одақ, АҚШ, Қытай, Корея, Түркия және ТМД елдері оған қатысушы және серіктес бола отырып, бұл платформаның тиімділігін айтып, хабтың іс-шараларын бірге қаржыландыруда.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша отандық мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру үшін инновациялар мен озық халықаралық тәжірибелерді енгізуді тапсырды.

Фото: akorda.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: