Әскери курсанттар ұшу практикасына кірісті
«Хлебодаровка» әуеайлағының базасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының 4-курс курсанттары оқу-жаттықтыру секірулерін орындауға кірісті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Жаттықтыру секірулері 600 метр биіктіктен Д1-5У парашютінде орындалды. Практикалық сабақтар аяқталғаннан кейін курсанттарды екі топқа бөліп, оларға ұшқыш нұсқаушыларды бекітіп берді. Әрі қарайғы сабақтар солардың жетекшілік етуімен өткізілетін болады.
Курсанттардың ұшу даярлығы ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін жалғасады. Практика кезінде әрбір курсант МИ-8 тікұшағында 20 сағаттан ұшып өтуі тиіс. Осыны аяқтағаннан кейін олар мемлекеттік емтихан тапсыруы тиіс. Содан кейін ғана оларға «лейтенант» әскери атағы беріледі.
Мұндай практика барысында курсанттарда әуе жауынгерінің қасиеттері қалыптасады. Себебі, өздігінен ұшу кезінде ғана авиация мен Отанға қызмет етуге өзін сарп етуге әзір ұшқыш өмірге келеді. Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты Қазақстан ӘӘК үшін кадрлардың негізгі ұстаханасы болып табылатынын айта кеткен жөн.
Жоғары оқу орнында майдаңшептік, армиялық және әскери-көлік авиациясы үшін шабуылдаушы ұшқыштарды , сондай-ақ барлық қажетті саладағы инженерлерді дайындайды.
Фото: www.mod.gov.kz