Екібастұзда жасанды су қоймасынан 32 жастағы ер адамның мүрдесі табылды
Zakon.kz
Айта кетерлігі, биыл жыл басынан бері алты адам суға батып кеткен.
Екібастұзда кеше сағат 18.40-та «Ягодка» саяжай қоғамының аумағынан құтқарушылар 32 жастағы ер азаматтың денесін алып шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы агенттікке облыстық ТЖД-нің баспасөз хатшысы Маусипа Ержан мәлім етті.
- Оқиға орнына жедел құтқару жасағынан төрт адам мен екі техника бірлігі жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша марқұм бақылау жүргізілмейтін жасанды су қоймасында шомылып жүрген, - дейді М. Ержан.
Айта кетерлігі, биыл жыл басынан бері алты адам суға батып кеткен. Олардың екеуі - балалар. Сондай-ақ құтқарылғандардың саны - 23 адам.
Ақбота Сейсенбаева
Фото: timeskz.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript