Лента новостей
0

Қазақстанда 16 аумақтық қорғаныс басқармалары құрылады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 31.05.2016 17:51 Zakon.kz
Заң жобасы қорғаныс және әскери қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге, заңнамадағы құқықтық нормалар арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды жоюға бағытталады.

Қазақстанның 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларында 16 аумақтық қорғаныс бригадасының басқармалары құрылады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында мәлім болды, деп хабарлайды «Қазақстан» ҰТА.

Заң жобасы қорғаныс және әскери қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге, заңнамадағы құқықтық нормалар арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды жоюға бағытталады.

Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс, аумақтық қорғаныс жүйелерін жетілдіру мәселелері де қарастырылады. Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаровтың айтуынша, Мемлекет басшысының 2015 жылдың 25 желтоқсанындағы Жарлығына сәйкес, Қазақстанда аумақтық әскерлер құрып, оларды қорғаныс жүйесімен ықпалдастыру көзделген болатын.

«Аумақтық қорғаныс Қорғаныс Күштерінің құрамына енетін болады. Ал аумақтық қорғаныс әскери бөлімнің жетекшілері - әскери қызметші мәртебесінде, ал штаб жұмысшылары әскери міндеттілер болып табылады. Заң жобасы аясында әскери міндеттілерді арнайы әскери жиындарға шақыру, әскери қызметші мәртебесін беру мәселесі қарастырылып, оларға қолданыстағы заңнамада көрсетілген құқықтар мен міндеттер белгіленеді.

Сонымен қатар, облыстық және Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары құзыретіне аумақтық қорғаныс бөлімдерін қамтамасыз ету мәселесі беріледі. Осылайша, көрсетілген норманы жүзеге асыру үшін еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларында 16 аумақтық қорғаныс бригадалар басқармалары құрылатын болады», - деді министрдің орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, аумақтық қорғаныс басқармаларын құру бойынша әлемнің озық тәжірибелері зерделенген.

Фото: kaztv.kaztrk.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: