Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтіп жатыр
Ақордада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өз жұмысын бастады. Күн тәртібіндегі 14 сұрақты ЕАЭО мүше елдерінің басшылары талқылайды, деп мәлімдеді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақапаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті - Нұрсұлтан Назарбаев, Армения Президенті - Серж Саргсян, Беларусь Президенті - Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті - Алмазбек Атамбаев және Ресей Федерациясының Президенті - Владимир Путин қатысуда.
«Бүгін мен сіздерді біздің Еуразиялық экономикалық одағымызды одан әрі дамытудың маңызды мәселелерін талқылау үшін Астанада көргеніме қуаныштымын. Ең алдымен, барлықтарыңызды осыдан екі жыл бұрын, 29 мамырда Астанада Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуының екінші жылдығы сынды маңызды күнмен құттықтағым келеді. Ресей Федерациясы, Қазақстан және Беларусь бастап беріп, құрамы Армения және Қырғызстанмен толықты және ЕАЭО қызметі қарқын алып келе жатыр», - деді Н.Назарбаев,
Елбасы айтып өткендей, бүгін отырыс қатысушылары экономикалық бірлестік қызметінің өзекті және маңызды мәселелерін талқылап, олар бойынша шешім қабылдау үшін бас қосты.
«Бүгін біз экономикалық бірлестік қызметінің өзекті, маңызды мәселелерін талқылап, шешім қабылдау үшін жиналып отырмыз. Күн тәртібінде 14 мәселе бар», - деді ол.
ЕАЭО елдерінің көшбасшылары газ, мұнай және мұнай өнімдері орталық нарығын қалыптастыруды қоса алғанда, ықпалдастықты тереңдетудің перспективаларын талқылайды, шет елдермен және өңірлік ықпалдастық бірлестіктерімен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге қатысты пікір алмасуда. Келіссөздер қорытындысында ЕАЭО қызмет етуінің практикалық мәселелері бойынша бірқатар құжаттар қабылданбақ.
Фото: РИА Новости