Лента новостей
0

Жантүршігерлік жол апатын жасаған жүргізуші жазасын жеңілдетуді сұрады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 31.05.2016 22:24 Zakon.kz
Таңертең басталған отырыста алдымен прокурор сөз алып, судьядан айыпталушыны 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Алматыда жантүршігерлік жол апатын жасаған жүргізушіге Жетісу аудандық соты үкім шығарды. Есте салайық, екі адамның өмірін қиған бұл оқиға 2016 жылдың 14 сәуірінде болған еді. Мамандандырылған күзет басқармасының қызметкері Санат Жанатбеков 5 жылға бас бостандығынан айырылды және 7 жыл бойы көлік тізгіндей алмайтын болды. Ол жазасын қоныс колониясында өтейді. Ал, соңғы сөз алған Санат Жанатбеков жәбірленуші тараптан кешірім сұрап, егіліп тағы да көптің алдында жылап жіберді, деп жазады Алматы телеарнасы.

Таңертең басталған отырыста алдымен прокурор сөз алып, судьядан айыпталушыны 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Онымен қоса, 7 жыл бойы темір тұлпарды тізгіндемесін деген заң бойынша өз ұстанымын да айтты. Ал, жазасын қоныс колониясында өтеуі тиіс деп отыр. Прокурордың айтқан шешіміне жәбірленуші жақ келіскендей болды.

"Болған оқиғаға байланысты заңды түрде сот қандай шешім қабылдайды. Мен сонымен келісемін. Басқа сұрағым жоқ".

Жәбірленушілердің пікірін тыңдаған соң, судья соңғы сөз айтуға айыпталушы Санат Жанатбековқа сөз берді. Бұл жолы ол өзі қағып өлтірген екі адамның туған-туыстарынан жылап тұрып, кешірім сұрады. Есте болса, ол айыбын бірінші отырыста-ақ мойындаған болатын.

"Кешірім сұраймын. Шынымды айтайын, қатты өкінемін. Жаңа сіздер айтқанда менің жүрегіме батып бара жатыр ол. Оңай тиген жоқ, осы екі айдың ішінде түсіндім бәрін. Сот мырза, жазамды жеңілдетіп беруіңізді сұраймын сізден",- деді айыпталушы Санат Жанатбеков.

Ал, Санат Жанатбековтың адвокаты қорғауындағы азаматтың бұрын істі болмағанын және отбасылы екенін айтып, жазасын бас бостандығын айырмай өтеуін сұрады. Оған қоса, айыпталушының тұрақты жұмысы барын, ал көршілері мен басшылары және әріптестері ол туралы оң пікірде екенін де алға тартты. Жәбірленуші тарап Санат Жанатбековке кешірім де берген екен. Ал, айыпталушының туған-туыстары соттың шығарған шешіміне келісетінін айтып отыр.

"Заң жағынан. Заң не шешеді? Соған көнеміз".

Түстен кейін Жетісу аудандық сотының судьясы Елмахан Ділдәбаев шыққан сот үкімін екі тарапқа оқып берді. Ол прокурордың айтқан үкімімен толықтай келіскен екен. Оған қоса, адвокаттың айтқан жағдайы да барынша ескеріліп, айыпталушының айыбы жеңілдетілген. Өйткені жол апаты күні қан құрамынан тыйым салынған заттар анықталмаған болып шықты.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексі бойынша 387-390, 393-396, 398-401, 402 баптарын басшылыққа ала отырып, сот үкім етті. Жанатбеков Санат Жанатбековичті ҚР Қылмыстық кодексінің 645-ші бабының 4-ші бөлігімен кінәлі деп тауып, осы бап бойынша оны көлік құралын жүргізу құқығынан 7 жыл мерзімде айырып, 5 жыл мерзімде бас бостандығынан айырып, жазаны колония қоныста өтеу тағайындалсын",- деді Алматы қаласы Жетісу аудандық №2 сотының судьясы Елмахан Ділдәбаев.

Қос тарап үкім шыққаннан кейін келіспеген жағдайда 15 күн ішінде қайта шағымдана алады. Еске сала кетейік, жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы Алматыдағы Жангелдин мен Сидоркин көшелерінің қиылысында орын алған. Сол күні BMW көлігін тізгіндеген Санат Жанатбеков жол ережесін өрескел бұзып, 3 жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Салдарынан екі адам оқиға орнында жан тәсілім етті.

Жадыра Омаржан, Рашиддин Якупов

Фото:ria.ru


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: