Бүгін жел күшейіп жаңбыр жауады, солтүстіктің кей жерлерінде үсік күтіледі
1 маусымда Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің күшеюі күтіледі, шығыста бұршақ болуы ықтимал. Тек республиканың солтүстік-батысында жауын-шашынсыз болады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с-ге күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с-ге күшейеді.
Павлодар, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Фото:telegraf.com