Қазақстанда инфляция қаңтар-мамырда 4,2%-ды құрады - ҚР ҰЭМ
Ведомствоның мәліметінше, баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы бес айда (2016 жылғы мамыр 2015 жылғы желтоқсанға) 4,3%, азық-түлік емес тауарларына – 4,2%, ақылы қызметтерге – 4%-ға өсті. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.
Ағымдағы жылдың басынан (2016 жылғы мамыр 2015 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі жармаларға 20,7%, қара шайға – 16,7%, қантқа – 11,1%, нанға – 9,1%, жаңа жиналған жемістерге – 9%, қайта өңделген және консервіленген көкөністерге – 8,4%, кондитерлік өнімдерге – 7,8%-ға, күнбағыс майына, салқындатылған сусындарға – 7,7%, макарон өнімдеріне, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға – 6,7%-дан, жеміс және көкөніс шырындарына – 5,7%-ға, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге, құс етіне – 4,6%-дан, мәйекті ірімшікке – 4,5%, балық және теңіз өнімдеріне – 3,6%, сүзбеге – 3%-ға белгіленді.
Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 12,4%, тұрмыстық аспаптарға – 7,6%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 6,4%, жеке қолданатын тауарларға, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 6,3%-дан, тоқыма бұйымдарына – 5%, автомобильдерге – 4,7%, киім және аяқ киімге – 3,8%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 2,7% құрады.
Баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтеріне 6,4%, мектепке дейінгі балалар мекемесінің – 5,9%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 2,6%, мейрамханалар мен қонақ үйлердің – 2,3%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары – 2,1%-ға өсті. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы 14,8%, алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігіне – 11,5%, ішкі қалалық қатынастарда автобуспен – 6,2%-ға жоғарылады.
Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер кәрізге 20,3%, қоқыс шығаруға – 11,8%, суық суға – 8%-ға, орталықтан жылытуға, ыстық суға – 7,2%-дан, электр энергиясына – 4,8%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,2%-ға өсті.
Фото: www.rbc.ru